5 САУАЛ

 

Зейнетақы туралы жиі қойылатын сұрақтар

 

  1. Сәлеметсіздер ме, менің әкем полицияда жұмыс істейді және мен болашақта ол кісінің зейнетақысын қалай алатынын білгім келеді. БЖЗҚ-ның болашақ төлемдерде алатын рөлі қандай? Немесе төлемдердің барлығы тек бюджеттен қамтамасыз етіледі ме?

 

2016 жылдың басынан бастап әлеуетті құрылым қызметкерлері  01.01.1998 жылға еңбек сіңірген жылдарының бар-жоғына қарамастан толық мемлекеттік зейнетақымен қамсыздандыруға ауыстырылды. Зейнетақы мөлшері ақшалай қамтылымның (АҚ) 50% есебінен белгіленді, бұл ретте еңбек сіңірген жылдарының әрбір жылы үшін (25 жылдан астам) зейнетақы мөлшері 2% – ға, еңбек өтілінің әрбір жылы үшін – АҚ-дан 1% – ға, бірақ республикалық бюджет туралы заңда белгіленген 109 АЕК-тен аспайтын мөлшерге көбейіп отырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына республикалық бюджет есебінен әскери қызметшілердің пайдасына бұрын жүзеге асырылып отырған міндетті зейнетақы жарналарының 20%-ын төлеу тоқтатылды. Осылайша 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы алу құқығына жиырма бес және одан да көп жалпы еңбек өтілі бар, оның кемінде он екі жыл және алты айын үзіліссіз әскери қызметте, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарында, мемлекеттік фельдъегерлік қызметте өткерген әлеуетті құрылым қызметкерлері және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген шекті жасқа толуы не штаттың қысқартылуы немесе денсаулық жағдайы бойынша әскери қызметтен, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарындағы қызметтен, мемлекеттік фельдъегерлік қызметтен босатылған тұлғалар ие.

Бұл ретте еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін алу құқығы БЖЗҚ-да ашылған жеке зейнетақы шоттарынан 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін бюджет қаражаты есебінен аударылған міндетті зейнетақы жарналары сомасының 50 пайызы қайтарылған жағдайда ғана туындайды. Сондай-ақ зейнетке шығып алған зейнеткерлерге бұған дейін толық емес көлемде тағайындалған зейнетақы төлемдерінің мөлшерін қайта есептеу жүргізілді. Ол еңбек сіңірген жылдары мен зейнетақы ісіндегі қызметтен босатылған күндегі еңбек өтілін есепке ала отырып, сондай-ақ міндетті зейнетақы жарналары сомасының 50% қайтарылған жағдайда зейнетақы төлемдерін толық көлемге жеткізу есебімен жасалды.

БЖЗҚ-дағы зейнетақы жинақтарының қалған жартысын (қалған 50%) пайдалану құқығы зейнетақы заңнамасының нормаларына сәйкес іске асырылатын болады.

БЖЗҚ-дан міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы төлемдерін алу құқығына БЖЗҚ-да зейнетақы жинақтары бар төмендегі адамдар ие:

1) зейнет жасына толғанда, ерлер 63 жасқа, әйелдер 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап 59,5 жасқа толғанда. 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап – 60 жас, 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап – 60,5 жас, 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап – 61 жас, 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап – 61,5 жас, 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап – 62 жас, 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап – 62,5 жас, 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап – 63 жас.

2) зейнетақы жинақтары ең төмен зейнетақы мөлшерінен кем емес зейнетақы төлемін қамтамасыз ету үшін жеткілікті болған кезде сақтандыру ұйымымен зейнетақы аннуитеті шартын жасау жолымен ерлер – 55 жасқа және әйелдер 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап 51,5 жасқа толғанда;

3) егер мүгедектiгi мерзiмсiз болып белгiленсе, бiрiншi және екiншi топтардағы мүгедектер;

4) Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерге тұрақты тұруға кеткен, Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған, кету дерегін растайтын құжаттарды ұсынған шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдар.

 

Назар аударыңыз, еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін, мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін тағайындауды уәкілетті мемлекеттік органдар жүзеге асырады. Сіздің әкеңіздің, яғни полиция қызметкерінің жағдайында зейнетақы төлемдерін тағайындауды Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі жүзеге асырады.  

Осылайша  еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемі мен мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін тағайындау тәртібі бойынша толық ақпарат алу үшін Қазақстан Республикасының тиісті уәкілетті мемлекеттік органына хабарласу туралы кеңес береміз.

 

  1. Қайырлы күн, менің ағамның жеке сауда-саттықпен айналысатын орны бар және ол кісі өзіне жұмыс істейді. Егер ол кісі зейнетақы қорына ақша аудармаса, болашақта зейнетақыны қалай алады? Тек бірыңғай жиынтық төлемді ғана төлеу жеткілікті ме?

 

Біріншіден, бірыңғай жиынтық төлем (бұдан әрі – БЖТ) деген не екенін түсіну керек. Қазақстанда өзін – өзі жұмыспен қамтыған азаматтар үшін салық режимінің жаңа түрі –  БЖТ-ның қолданысқа енгізілгеніне де бір жылдай уақыт болып қалды. Бұл төлем түрі азаматтардың төмендегі санаттарына арналған:

  1. жеке қосалқы шаруашылық қызметкерлері;
  2. отбасылық кәсіпорындардың ақы төленбейтін қызметкерлері;
  3. жұмыскерлері жоқ, жылына 1 175 АЕК-тен кем айналымы бар кәсіпкерлер.

Бұл ретте БЖТ тек төменде көрсетілген қызмет түрлеріне ғана қолданылады:

  1. Тек жеке тұлғаларға қызмет көрсету;
  2. Жеке қосалқы шаруашылықтағы өзі өндірген ауыл шаруашылығы өнімдерін тек жеке тұлғаларға ғана сату.

Алайда  егер Сіздің ағаңыздың бір жыл ішіндегі табысы 1175 АЕК асып кететін болса, онда оған жеке кәсіпкер ретінде тіркелу және басқа салық режимін таңдауға тура келеді.

Бірыңғай жиынтық төлемді төлеу үшін салық органдарында тіркелудің қажеті жоқ; тек бірыңғай жиынтық төлемнің белгіленген сомасын төлеу қажет. Ай сайынғы БЖТ мөлшері республикалық маңызы бар қалаларда, астанада және облыстық маңызы бар қалаларда тұратын жеке тұлғалар үшін 1 АЕК-ті (2651 тг.); басқа елді мекендерде тұратын жеке тұлғалар үшін 0,5 АЕК-ті (1325.5 тг.) құрайды. Төлем екінші деңгейдегі банктер арқылы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының (ХҚКО) шотына бір сомамен жүргізіледі. Төлемді жүзеге асыру үшін банкте есеп айырысу шотын ашу талап етілмейді. Бірыңғай жиынтық төлем сомасын Мемлекеттік корпорация мынадай пропорцияларға бөледі: 10% – жеке табыс салығы (ЖТС); 20% – әлеуметтік аударымдар (ӘА); 30% – міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ); 40% – міндетті медициналық сақтандыруға аударымдар (МӘМС). Зейнеткерлік жасқа толған адамдар үшін төлемнің барлық сомасы жеке табыс салығы болып танылады, әлеуметтік төлемдерге бөлу жүргізілмейді.

Осылайша БЖТ жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысуға және зейнетақы жүйесіне қатысу өтілі мен жинақтаған қаражатына қарай зейнетақы төлемін алуға құқық береді. БЖТ төлеушілері үшін БЖЗҚ-дағы өзінің зейнетақы жинақтарын толықтырудан басқа расталған еңбек өтіліне байланысты базалық зейнетақы алу мүмкіндігі пайда болады. Бұған қоса БЖТ төлеуші міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің қатысушысы болып тіркеледі және МӘМС енгізілгеннен кейін медициналық мекемені таңдау құқығымен сомасы мен түрлері бойынша шектеу қойылмайтын медициналық қызметтерге қол жеткізе алады, сондай-ақ еңбекке қабілеттілігінен, жұмысынан, асыраушысынан айырылған, жүктілік пен босану, бала асырап алу, бала күтімі жағдайларында әлеуметтік төлемдер ала алады.

Сондай-ақ, болашақта лайықты зейнетақы алуды қамтамасыз ету үшін оған ерікті зейнетақы жарналарын жүзеге асыруға болады. ЕЗЖ артықшылықтарының бірі – Сіз жарна мөлшері мен төлеу кезеңділігін, сондай-ақ ЕЗЖ төлемін алу құқығы туындаған кезде жинақталған зейнетақы қаражатын алу тәртібін өзіңіз белгілейсіз. Ерікті зейнетақы жарналарын өз ықтиярыңыз бойынша жүзеге асыру қажет. Бұл үшін ЖЗҚ-мен шарт жасасып, БЖЗҚ- ға ерікті аударымдарды Шартта көрсетілген банк деректемелері бойынша аудару қажет. Ыңғайлы болу үшін БЖЗҚ сайтында қолданыстағы ЭЦҚ кілті арқылы ерікті зейнетақы шотын онлайн ашу бойынша қызмет іске асырылды немесе  БЖЗҚ-ның көптеген филиалдарының біріне келу жеткілікті. Сонымен қатар ЕЗЖ-ны банктік сервистер – Kaspi.kz қосымшасы, Halyk Bank терминалдары арқылы төлеуге болады.

 

  1. Сәлеметсіз бе, менің атым Елена. Осыдан екі жыл бұрын мен Ресейге ТТЖ-ға кеттім, тек жақында ғана БЖЗҚ-дағы өз жинақтарымды алуға болатынын білдім. Шынымды айтсам, менде бір мәселе туындап тұр – мен тұрмыс құрып, тегімді өзгерттім, ал жарналар менің қыз күнімдегі тегім бойынша аударылған болатын. Енді мен ақшамды қалай алсам болады және қандай құжаттар тапсыру қажет?

 

Егер Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында Сіздің міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ), міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) не ерікті зейнетақы жарналары бойынша (ЕЗЖ) жинақтарыңыз болса, онда сіздің Қазақстан Республикасының шегінен тыс тұрғылықты тұратын жерге кетуіңізге байланысты өз жинақтарыңызды алуға құқығыңыз бар.

Зейнетақы жинақтарын төлеуге арналған құжаттарды БЖЗҚ-ға мынадай тәсілдердің бірімен ұсынуға болады:

– өзіңіз келіп өтініш білдірген кезде;

– пошта байланысы арқылы;

– үшінші тұлға (сенім білдірілген адам) арқылы. Бұл ретте құжаттар сенім білдірілген адам БЖЗҚ кеңсесіне өзі келіп өтініш білдірген кезде ғана қабылданады.

Назар аударыңыз, өтініш берер алдында Сіз міндетті түрде ТТЖ-ға кетуді ресімдеуіңіз керек, өйткені, бұл заңнаманың зейнетақы төлемдерін алу үшін қойылатын міндетті талаптарының бірі. ТТЖ-ға кетуге байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы өтініштерді қараған кезде «БЖЗҚ» АҚ қызметкерлері Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының ақпараттық жүйелеріне өтініш білдірген шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі не  шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты болуы туралы мәліметтерге сұраныс жасайды. Жоғарыда аталған құжаттардың жарамсыздығы туралы мәліметтер алған жағдайда, БЖЗҚ зейнетақы төлемдерін жүзеге асырады. Айта кетейік, БЖЗҚ-ға өзі келіп өтініш білдірген кезде міндетті түрде мына құжаттар ұсынылады:

1) БЖЗҚ-ның ішкі құжатымен бекітілген нысандағы зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы өтініш (бұдан әрі – өтініш);

2) егер халықаралық шарттарда өзгеше көзделмеген болса, шетелдік паспорттың көшірмесі және салыстыру үшін түпнұсқасы (Ресей Федерациясы азаматының ішкі паспортын ұсынған жағдайда  өтініш орындалуға жатпайды);

3) алушының банктегі шоты туралы мәліметтер.

Өтініш үшінші тұлға (сенім білдірілген адам) арқылы берілген жағдайда, жоғарыда көрсетілген құжаттарға қосымша үшінші тұлға:

1) нотариалды куәландырылған сенімхаттың түпнұсқасын немесе оның нотариалды куәландырылған көшірмесін;

2) үшінші тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі және салыстыру үшін түпнұсқасы. Бұл ретте алушының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі нотариалды куәландырылады.

Өтінішті пошта байланысы құралдары арқылы берген кезде алушының жеке басын куәландыратын құжат және өтініштегі алушының қолы да нотариалды куәландырылады.

Айта кету керек, БЖЗҚ зейнетақы төлемдерін деректемелері өтініште көрсетілген алушының банктік шотына тек ұлттық валютада – Қазақстан аумағындағы екінші деңгейдегі банктерде/банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарда ашылған банктік шоттарға аударған кезде; сондай-ақ АҚШ долларымен, еуромен, фунт стерлингпен немесе Ресей рублімен – Қазақстаннан тыс жерлердегі шетелдік банктерде ашылған банктік шоттарға аударған кезде жүзеге асырады.

БЖЗҚ-ға беру тәсіліне байланысты барлық қажетті құжаттардың өзекті тізбесін (өзі келіп өтініш білдірген кезде/пошталық байланыс құралдары арқылы/үшінші тұлға арқылы), оларды ресімдеуге қойылатын талаптарды, сондай-ақ өтініш бланкілері мен төлем валютасының түріне байланысты оларды толтыру үлгілерін, сенімхаттардың үлгілерін, уәкілетті мемлекеттік органдардың түсініктемелерін www.enpf.kz мекенжайы бойынша БЖЗҚ веб-сайтынан көруге болады, ондағы ақпарат үнемі жаңартылып отырады. Сонымен қатар, enpf.kz сайтындағы «Электрондық сервистер» бөлімінде құжаттарды онлайн режимінде алдын ала тексеру мүмкіндігі бар.

Шетелдік паспортты алу кезінде алушының деректемелері, атап айтқанда: тегі, аты, әкесінің аты – бар болса, туған күні өзгерген жағдайда, жоғарыда көрсетілген құжаттар тізбесіне қосымша шетелдік құжаттарды ресімдеуге қойылатын талаптарды сақтай отырып ресімделген, негізгі 4 деректеменің өзгеру дерегін растайтын, төменде көрсетілген құжаттардың бірінің түпнұсқасын не нотариалды куәландырылған көшірмесін БЖЗҚ-ға ұсыну қажет:

1) Қазақстан Республикасының уәкілетті органының анықтамасы;

2) шет мемлекеттің уәкілетті органының анықтамасы;

3) тегін/атын/әкесінің атын өзгерту туралы куәлік / анықтама;

4) неке қию/бұзу туралы куәлік.

 

  1. Менің маркшейдер болып жұмыс істегеніме 25 жыл болды. Мамандығым еңбек жағдайлары қауіпті өндірістер қатарына кіреді. Мен өз ақшамды БЖЗҚ-дан сақтандыру ұйымына аударғым келеді. Сондықтан білгім келетіні, біздің компания мен үшін МКЗЖ-ны БЖЗҚ-мен шарт жасалған күннен бастап аударуы керек пе әлде зейнетақы заңнамасына өзгерістер енгізілген, яғни 2014 жылдың 1 қаңтарынан бастап аударуы керек пе еді?   

 

Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес 2014 жылдың 1 қаңтарынан бастап енгізілді. Дәл осы күннен бастап Сіздің жұмыс берушіңіз Сіз үшін ай сайынғы табысыңыздың 5 пайызына тең жарна төлеуге міндетті болған. Айта кету керек, жұмыс берушілер МКЗЖ-ны зиянды (аса зиянды) өндіріс түрлері бойынша және сол өндірістерде қызмет ететін адамдарға ғана төлейді.

Бұл ретте төлемдер нақты жүргізілген және қызметкер кіріс алған жағдайда  жұмыс беруші уақытылы есептемеген және аудармаған МКЗЖ сомаларын Мемлекеттік кіріс органдары өндіріп алады немесе жұмыс беруші МКЗЖ төленетін қызметкерлердің пайдасына уәкілетті орган белгілеген есептелген өсімпұлмен әрбір кешіктірілген күнге (Мемлекеттік корпорацияға төленетін күнді қоса алғанда) аударуға тиіс. Жоғарыда көрсетілгенге сәйкес есептелген МКЗЖ мен өсімпұлдың толық және уақытында төленуін бақылауды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік кірістер органы жүзеге асырады. Бұл ретте қызметкердің пайдасына аударылған МКЗЖ қызметкердің БЖЗҚ-да МКЗЖ есепке алу үшін ашылған ЖЗШ-сы бар болған жағдайда, БЖЗҚ-дағы қызметкердің жеке зейнетақы шотына аударылуы мүмкін екендігіне назарыңызды аударамыз. Ал МКЗЖ-ны есепке алу бойынша ЖЗШ БЖЗҚ-ның зейнетақы қағидаларында көзделген нысан бойынша салымшы жазған өтініш негізінде ашылады.

 

  1. Мен зейнетке шықтым, бірақ менің зейнетақы жинақтарым тек шамамен 300 мың теңгені құрады. Оларды мен біржолғы төлеммен бір-ақ алдым, енді менің БЖЗҚ-дағы шотым жабылды ма? Немесе солай тұра бере ме? Маған банктегі сияқты шоттың жүргізілгендігі үшін ақша төлеуге тура келіп жүрмей ме?

 

Жоқ, жеке зейнетақы шотын жүргізгені үшін БЖЗҚ төлем алмайды. Оған қоса, Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасына сәйкес салымшының жеке зейнетақы шотында зейнетақы жинақтары, төленген зейнетақы жинақтарының қайтарымдары, зейнетақы жарналарының түсімдері, өсімпұлдар және өзге де түсімдер болмаған жағдайда ЖЗШ зейнетақы жинақтарын төлеуді жүзеге асырған күннен бастап 12 ай өткеннен кейін жабылады.

 

 

«БЖЗҚ» АҚ өзекті сауалдарға жауап береді

1) Сәлеметсіздер ме! Мен БЖЗҚ қосымшасын жүктеп алғанмын және екі-үш күн сайын жеке зейнетақы шотымнан үзінді көшірмемді қарап, тексеріп отырамын. Байқағаным, сома үнемі өзгеріп отырады, оның тек көбейіп қана қоймай, кеміп отыратын кездері де болады. Неге олай болатынын түсіндіріп беріңіздерші?

 

Үзінді көшірмеден Сіз зейнетақы жарналары мен түскен қаражатты инвестициялаудан алынған инвестициялық табыстан тұратын зейнетақы жинақтарының сомасын көресіз.

Естеріңізге сала кетейік, жеке зейнетақы шотына келіп түскен зейнетақы жарналары БЖЗҚ-да сақталып қана қоймайды, оны зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқарушы – Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (ҚРҰБ) түрлі қаржы құралдарына инвестициялайды. Ұлттық Банк зейнетақы активтерін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен Зейнетақы активтері есебінен сатып алуға рұқсат етілген қаржы құралдарының тізбесіне және БЖЗҚ инвестициялық декларациясына сәйкес инвестициялау лимиттеріне инвестициялайды.

Сіз жинақтар сомасының өзгерісін олардың зейнетақы активтерін инвестициялау нәтижелеріне сәйкес күн сайын қайта есептеліп, қайта бағаланып отыратындығынан көріп отырасыз.

Инвестициялық табыс тұрақты шама емес, сол себепті ол қысқа мерзім ішінде  оң нәтиже немесе сол нәтиже  көрсетуі мүмкін.

БЖЗҚ салымшыларының қаражаты тәуекелдерді азайту мақсатында инвестициялау түрлері, бағыттары, оның ішінде валюталар бойынша әртараптандырылатынын есте сақтау маңызды. Мысалы, қазіргі уақытта инвестициялардың 2/3  теңгемен және 1/3  шетел валютасымен, соңғысының басым бөлігі – АҚШ долларымен номиналданады.

Сондай-ақ инвестициялық табыс құрамына бағалы қағаздар (салымдар және басқа операциялар) бойынша сыйақы, қаржы құралдарын нарықтық қайта бағалау, валюталық қайта бағалау түріндегі табыстар, сыртқы басқарудағы активтер бойынша табыстар және т. б. кіреді.

Мысал ретінде салымшылар мен алушылардың шоттарына 2020 жылы есептелінген инвестициялық табысты қарастыруға болады. Қаңтар айында таза инвестициялық табыс +28,15 млрд теңгені, ақпан айында +111,7 млрд теңгені, наурыз айында +521,8 млрд теңгені, сәуір айында – 125,6 млрд теңгені, мамырдан бастап 2 маусымға дейінгі аралықта – 102,4 млрд теңгені құрады.

Наурыз айында инвестициялық табыстың айтарлықтай өсуі (+521,8 млрд.теңге), ал сәуір, мамыр және маусым айларының  басында инвестициялық табыстың төмендеуі  байқалады. Бірақ соған қарамастан 2020 жылдың қаңтар айынан бастап 2 маусымға дейінгі кезеңдегі инвестициялық табыстың жалпы сомасы +433,6 млрд теңгені құрап, оң нәтижеге қол жетті.

Егер осы жылдың наурыз айы неліктен соншалықты табысты болғанын анықтағыңыз келсе, бірнеше айға кейін шегінейік және дәл наурыз айында АҚШ долларының теңгеге қатысты бағамы 1 АҚШ доллары үшін 381-ден 448 теңгеге дейін артқанын еске  түсірелік. Дәл сол кезде біз оң нәтижені көрдік. Себебі, валюталық құралдарға орналастырылған зейнетақы активтерін оң валюталық қайта бағалау зейнетақы активтері бойынша таза инвестициялық табыстың елеулі өсуіне әсер етті.

Сәуір айында  керісінше, АҚШ долларына қатысты теңге бағамы 448 теңгеден 424 теңгеге дейін төмендеп, нығая түсті. Ұлттық валютаның нығаю үрдісі 2020 жылдың мамырында да жалғасты. АҚШ долларының құны 411 теңгеге дейін төмендеді. Маусымның алғашқы күндері ұлттық валюта бағамының 1 АҚШ доллары үшін 402 теңгеге дейін төмендеуімен сипатталды. Тиісінше, валюталық құралдарға орналастырылған зейнетақы активтерін теріс бағалау орын алып, ол өз кезегінде инвестициялық табыстың төмендеуіне ықпал етті.

Зейнетақы жинақтары – бұл ұзақ мерзімді инвестициялар және инвестициялық табыс мөлшерін кем дегенде бір жыл кезеңде талдаған дұрыс екендігіне назар аударамыз.

 

2) Жақында мен өзімнің зейнетақы жинақтарымды БЖЗҚ-дан сақтандыру ұйымына зейнетақы аннуитеті шарты бойынша аудара алатынымды білдім.  Ол үшін менің шотымда қаншалықты сома болуы керек және қаражатымды сақтандыру ұйымына аударған немесе БЖЗҚ-да қалдырған жағдайда қандай төлем алатынымды білсем бола ма?  

 

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының әрбір салымшысы Қордың сайтындағы ең танымал сервистердің бірі – болжамды зейнетақы калькуляторын пайдалана отырып, БЖЗҚ-дан да, сақтандыру ұйымынан да алатын өзінің болашақ зейнетақы төлемдерін дербес есептей алады. Атап айтқанда, ол Қазақстанның көп деңгейлі зейнетақы жүйесі аясындағы зейнетақының барлық құрамдауыштарын қамтиды: мемлекеттік базалық зейнетақы және жасына байланысты зейнетақы (немесе ортақ), сондай-ақ міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ), міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) және ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) есебінен қалыптасқан зейнетақы.

Зейнетақы жинақтарының (МЗЖ, МКЗЖ және ЕЗЖ есебінен қалыптасқан) болжамды мөлшері зейнеткерлік жасқа толуға жеткілікті болған жағдайда, пайдаланушыға болашақта сақтандыру ұйымымен зейнетақы аннуитеті шартын жасау және зейнетақы төлемдерін өмір бойына алу мүмкіндігі туралы хабарламасы бар қалқымалы терезе пайда болады. Есептеу сақтандыру ұйымынан берілетін аннуитеттік төлемнің болжамды мөлшерін сол жерде білуге мүмкіндік береді. Осылайша Сіз оны БЖЗҚ-дан кесте бойынша берілетін төлемдермен өзіңізше салыстыруға қол жеткізе аласыз.

Есептеу оңай және өте қарапайым. Ол үшін болжамды калькулятордағы туған күні, жынысы, еңбек өтілі, жинақтың сомасы және т. б. сияқты барлық қажетті бағандарды толтыру керек. Егер enpf.kz сайтындағы жеке кабинетте тіркелген болсаңыз, онда калькулятордағы бағандар автоматты түрде толтырылады және болашақ зейнетақыңыздың есебі екі-үш рет басқанда-ақ жүзеге асырылады.

БЖЗҚ-дан берілетін болашақ төлемдеріңізді есептеу нәтижесі үш сценарийде  беріледі: пессимистік, шынайы және оптимистік. Барлық үш нұсқа кірістіліктің болжамды деңгейін ескереді. Бұл ретте барлық болжамды нәтижелер нақты құндық көріністе (болжамның тиісті кезеңінің инфляциясын шегере отырып) ұсынылады. Сонымен қатар зейнеткерлікке шығатын жасыңыз бен мерзімді, жинағыңыз таусылатын жыл санын және т. б. көре аласыз.

Жоғарыда аталған тамаша мүмкіндіктермен қатар enpf.kz сайтында сақтандыру ұйымына аудару үшін ағымдағы жылы жинақталған зейнетақы қаражатының жеткілікті сомасын есептеу мүмкіндігі де бар. Ол үшін Сізге «Жинақтарды ӨСК-ге аудару» бағанындағы зейнетақы калькуляторы қажет болады.

 

3) Қайырлы күн! Менің сіздерден сұрайын дегенім, төтенше жағдай кезеңінде мен 42 500 теңге мөлшеріндегі жәрдемақыны екі рет алдым, бұл менің зейнетақы шотыма қандай да бір әсерін тигізе ала ма?    

 

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының 42 500 теңге көлемінде берілетін әлеуметтік жәрдемақыға ешқандай қатысы жоқ. Төтенше жағдай енгізілуіне байланысты табысынан айырылған азаматтарға ең төменгі жалақы мөлшерінде берілетін әлеуметтік жәрдемақы Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (МӘСҚ) беріледі.

МӘСҚ активтері – әлеуметтік аударымдардан жинақталған қаражат, ол ҚР «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» Заңында көзделген әлеуметтік тәуекел жағдайлары туындаған кезде берілетін әлеуметтік төлемдерге арналған. Әлеуметтік тәуекел жағдайларына, мәселен, жұмысынан, еңбек ету қабілетінен, асыраушысынан айрылу, жүктілігі және босануына, жаңадан туған нәрестені (сәбиді) асырап алуына, сондай-ақ бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты демалысты болуына орай табысын жоғалту жатады.

Ал БЖЗҚ-ның зейнетақы активтері – бұл «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заңға сәйкес зейнетақы төлемдеріне арналған салымшылардың жеке зейнетақы шоттарындағы меншікті ақшасы (зейнетақы жарналары мен инвестициялық табысы).

Сонымен қатар БЖЗҚ-дағы Сіздің зейнетақы жинақтарыңыздың сақталуына мемлекет кепілдік береді. Заңның 5-бабына сәйкес, мемлекет алушыларға БЖЗҚ-дағы міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының инфляция деңгейiн ескере отырып, нақты енгiзiлген мiндеттi зейнетақы жарналарының, мiндеттi кәсіптік зейнетақы жарналарының мөлшерінде сақталуына кепілдік береді.

 

 

4) Білгім келетіні, «БЖЗҚ» АҚ-дан берілетін зейнетақы төлемдеріне жеке табыс салығы салына ма? Егер салынатын болса, мөлшері қандай? 

 

«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін (бұдан әрі – Заң) қолданысқа енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 33-бабында баяндалған редакциядағы Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 320 және 326-баптарына сәйкес салық салуға жататын зейнетақы төлемдері түріндегі табыс түрлері мен зейнетақы төлемдері түріндегі табыстарға қолданылатын салық мөлшерлемесі айқындалған.

Атап айтқанда, 320-бапқа сәйкес – Салық төлеушінің табыстарына 10 пайыздық мөлшерлеме бойынша салық салынады. Қазақстан Республикасындағы көздерден алынған дивидендтер түріндегі табыстарды қоспағанда, оларға 5 пайыздық мөлшерлеме бойынша салық салынады.

326-бапқа сай – Салық салуға жататын зейнетақы төлемдері түріндегі табысқа Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры жүзеге асыратын:

       1) салық төлеушілердің:

      Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес міндетті зейнетақы жарналары;

      Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары;

      ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт талаптарына сәйкес ерікті зейнетақы жарналары есебінен қалыптасқан зейнетақы жинақтары;

      2) «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес зейнеткерлік жасқа толған және Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге тұрғылықты тұратын жерге кеткен Қазақстан Республикасының резидент-жеке тұлғаларына;

      3) «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес зейнеткерлік жасқа толмаған және Қазақстан Республикасының шегінен тыс  тұрғылықты тұратын жерге кеткен Қазақстан Республикасының резидент-жеке тұлғаларына;

      4) жеке тұлғаларға Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мұраға қалған зейнетақы жинақтары;

      5) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен зейнетақы жинақтары бар қайтыс болған адамды жерлеуге арналған біржолғы төлем түрінде жеке тұлғаларға жүзеге асыратын төлемдер жатады.

 

 

5) Сәлеметсіз бе! Жақында Норвегияның зейнетақы қоры туралы мақала оқыдым, олардың Қорында жұмсауға үлгере алмай жатқан орасан зор сома жиналып қалған екен, ал біздің БЖЗҚ-дағы зейнетақы активтері неге сонша аз? 

 

Салыстырудың өзі қисынсыз, өйткені өзінің атауына қарамастан Норвегия азаматтарын зейнетақымен қамсыздандыру Норвегияның мемлекеттік зейнетақы қорының бастапқы және басым міндеті болып табылмайды. Мемлекетке тиесілі бұл Қор сонымен бірге жинақтаушы және тұрақтандырушы ұйым болып табылады және оның міндеті – бюджет саласының тұрақтылығын қамтамасыз ету. Норвегия Парламентіне тиесілі Қордың мемлекеттік бюджетке жыл сайынғы транштарының зейнетақы төлемдерін қамтамасыз ету туралы қатаң нысаналы мақсаты жоқ, бұл Норвегия бюджетін қаржыландыру көздерінің бірі ғана, ал оларға бөлінетін қаражат Скандинавия елінің экономикасы мен өмірінің түрлі салаларына бағытталуы мүмкін.

МЗҚ-ның БЖЗҚ-дан тағы бір ерекшелігі, қазақстандық Қорға қарағанда норвегиялық активтер азаматтардың дербестендірілген жинақтары болып табылмайды, шын мәнінде Норвегияның ұлттық әл-ауқатын тұрақтандыру қоры болып табылады. Осылайша Норвегияның Мемлекеттік зейнетақы қорының жинақтарды қалыптастыру қағидаты мен стратегиялық мақсаттарын  қазақстандықтардың жеке зейнетақы жинақтары қалыптастырылатын БЖЗҚ-мен емес, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорымен (ол өз уақытында дәл осы норвегиялық үлгі бойынша құрылған) салыстырған дұрыс болар еді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

БЖЗҚ өзекті сауалдарға жауап береді.

 

  1. Қайырлы күн, қазір бүкіл әлем бойынша коронавирус пандемиясы өршіп тұр. Мен мейрамхана саласында жұмыс істеймін, бізді карантинге байланысты ақысыз демалысқа жіберді. Өкінішке орай, көпшілік сияқты біздің де ақшамыз таусылды, ал азық-түлік күн сайын қымбаттап жатыр. Менің БЖЗҚ-дағы шотымда 200 мың теңге көлемінде шағын ақшам бар, мен оны зейнетке шыққанға дейін мерзімінен бұрын ала алам ба?

 

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы қаражатыңызды мерзімінен бұрын алу мүмкін емес. «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының заңына сәйкес жеке тұлғалардың зейнетақы активтеріне құқығы заттық құқықтар қатарына жатады және тек Заңда айқындалған мақсаттарға, соның ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруға пайдаланылуы мүмкін.

Осылайша БЖЗҚ-дан міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы төлемдерін алу құқығына БЖЗҚ-да зейнетақы жинақтары бар төмендегі адамдар ие:

1) зейнет жасына толғанда, ерлер 63 жасқа, әйелдер 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап 59,5 жасқа толғанда. 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап – 60 жас, 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап – 60,5 жас, 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап – 61 жас, 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап – 61,5 жас, 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап – 62 жас, 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап – 62,5 жас, 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап – 63 жас;

2) зейнетақы жинақтары ең төмен зейнетақы мөлшерінен кем емес зейнетақы төлемін қамтамасыз ету үшін жеткілікті болған кезде сақтандыру ұйымымен зейнетақы аннуитеті шартын жасау жолымен ерлер – 55 жасқа және әйелдер 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап 51,5 жасқа толғанда;

3) егер мүгедектiгi мерзiмсiз болып белгiленсе, бiрiншi және екiншi топтардағы мүгедектер;

4) Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерге тұрақты тұруға кеткен, Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған, кету дерегін растайтын құжаттарды ұсынған шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдар.

БЖЗҚ зейнетақы төлемдерін Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген, жоғарыда көрсетілген жағдайларда ғана жүзеге асыруға құқылы.

Есіңізге сала кетейік, төтенше жағдай кезеңінде табысынан айрылған азаматтар, атап айтсақ, еңбекақысы сақталмаған мәжбүрлі демалысқа шығумен байланысты Сіздің жағдайыңызда, төлемдер Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (МӘСҚ) беріледі. Бір қызметкерге төленетін әлеуметтік төлем мөлшері бір ең төменгі жалақыны немесе айына 42,5 мың теңгені құрайды. Толығырақ Сіз egov.kz электрондық үкімет порталынан не https://42500.enbek.kz сайтынан біле аласыз.

 

  1. Анам 54 жаста, ол ресми түрде жұмыс істемейді, тек өзі тіккен бұйымдарын сатумен айналысады. Біз, балалары, ол кісіге ақша жағынан көмегімізді беріп отырамыз, бірақ анам еңбек өтілінің өте аз болғаны үшін алаңдайды. Болашақта базалық зейнетақы мен БЖЗҚ-дан берілетін төлемдерді алу үшін ол кісіге зейнетке шыққанға дейін еңбек өтілін қалай көбейтуге болады? БЖТ төлеу жеткілікті ме?

 

Иә, Сіздің жағдайыңызда Бірыңғай жиынтық төлем жақсы шешім. БЖТ төлеу үшін салық органдарына тіркелудің қажеті жоқ, тек бірыңғай жиынтық төлемнің белгіленген сомасын төлеу қажет. Ай сайынғы бірыңғай жиынтық төлем мөлшері республикалық маңызы бар қалаларда, астанада және облыстық маңызы бар қалаларда тұратын жеке тұлғалар үшін – 1 АЕК (2651 теңге.), басқа елді мекендерде тұратын жеке тұлғалар үшін – 0,5 АЕК (1325.5 теңге.).  Төлем екінші деңгейдегі банктер арқылы Азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік корпорациясының (ХҚКО) шотына бір сомамен жүзеге асырылады. Төлем жасау үшін банкте ағымдағы шот ашу талап етілмейді. Бірыңғай жиынтық төлем сомасын Мемлекеттік корпорация мынадай пропорцияда бөледі: 10% – жеке табыс салығы (ЖТС); 20 % – әлеуметтік аударымдар (ӘА); 30 % – міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ); 40 % – міндетті медициналық сақтандыруға аударымдар (МӘМС). Зейнеткерлік жасқа толған адамдар үшін төлемнің барлық сомасы жеке табыс салығы болып танылады, әлеуметтік төлемдерге бөлу жүргізілмейді.

Осылайша БЖТ жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысуға және зейнетақы жүйесіне қатысу өтілі мен қалыптастырған жинақ көлеміне қарай зейнетақы төлемін алуға құқық береді. Яғни, анаңыз расталған еңбек өтілі бойынша базалық зейнетақы алу мүмкіндігіне ие болады. Бұған қоса БЖТ төленгеннен кейін анаңыз міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің қатысушысы болады және медициналық мекемені таңдау құқығымен сомасы мен түрлері бойынша шектеусіз медициналық қызметтерге қол жеткізеді, сондай-ақ ол еңбек ету қабілетінен, жұмысынан, асыраушысынан айырылған және заңда көзделген басқа да жағдайларда әлеуметтік төлемдерді ала алады.

Сонымен қатар келешекте лайықты зейнетақы алуды қамтамасыз ету және анаңыздың зейнетақы шотын толықтыру үшін Сіз немесе анаңыз ерікті зейнетақы жарналары аударымдарын жасап отырсаңыздар болады. Жарна мөлшері мен ЕЗЖ төлеу кезеңділігін, сондай-ақ ЕЗЖ төлеу құқығы туындаған кезде жинақталған зейнетақы қаражатын алу тәртібін өзіңіз белгілейсіз. Ерікті зейнетақы жарналарын төлеуді өз еркіңізбен жүзеге асыруыңыз керек. Ол үшін БЖЗҚ-мен шарт жасап, БЖЗҚ-ға ерікті аударымдарды Шартта көрсетілген банк деректемелері бойынша аудару қажет. Ыңғайлы болу үшін БЖЗҚ сайтында ЭЦҚ-ның өзекті кілті арқылы ерікті зейнетақы шотын ашу бойынша онлайн қызмет іске асырылды. Сонымен қатар ЕЗЖ-ны банктік сервистер – Kaspi.kz қосымшасы, Halyk Bank терминалдары арқылы төлеуге болады. Нәтижесінде ЕЗЖ анаңыз үшін базалық зейнетақыға тамаша қосымша төлем болуы мүмкін.

 

  1. Сәлеметсіз бе, біз қала үлгісіндегі шағын кентте тұрамыз. Бұрын әкем жеке шотынан үзінді көшірме алу үшін БЖЗҚ филиалына өзі баратын. Қазір біздің елде ғана емес, бүкіл әлемде қалыптасқан жағдайға байланысты ол кісі сіздердің бөлімшелеріңізге бара алмайды. Зейнетақы шотына аударылған түсімдерді үйден шықпай-ақ қалай бақылап отыруға болады?

 

Сіз БЖЗҚ-дағы жеке зейнетақы шотыңыздағы қаражат қозғалысын үйден шықпай-ақ, өзіңізге ең ыңғайлы әдісті таңдап, оп-оңай қадағалай аласыз. Үзінді көшірме алудың ең жылдам жолы – электрондық тәсіл. Үзінді көшірмені enpf.kz сайтындағы жеке кабинет немесе egov.kz. электрондық үкімет порталы арқылы алуға болады. Оған кіру үшін сайтқа тіркеліп, өз деректеріңіз бен пароліңізді енгізу немесе электрондық цифрлық қолтаңбаны (ЭЦҚ) пайдалану жеткілікті. ЭЦҚ-ны egov.kz порталынан онлайн алу мүмкіндігі де жасалған.

Сіз смартфондар мен планшеттерге арналған жаңартылған ұялы қосымшаны да пайдалансаңыз болады. Ұялы қосымшаға тіркелу үшін пайдаланушы ұялы телефонына смс-хабарламамен жіберілетін біржолғы парольді қолданады. Ұялы қосымшада авторланудың екі түрлі тәсілі бар: ЖСН мен парольді енгізу немесе электрондық цифрлық қолтаңбаны пайдалану. Сондай-ақ пайдаланушы ұялы құрылғысында бар болса, Android үшін Touch ID және IOS үшін Face ID мен IOS арқылы кіре алады.

БЖЗҚ сайты мен ұялы қосымшада Сіз жеке зейнетақы шотыңыздан үзінді көшірме ғана алып қоймай, сонымен қатар зейнетақы активтері бойынша ағымдағы көрсеткіштермен танысып, «БЖЗҚ» АҚ-ның барлық филиалдары мен қызмет көрсету орталықтарының соңғы жаңалықтарын, мекенжайлары мен байланыстарын көре аласыз, болжамды зейнетақы калькуляторының көмегімен болашақ зейнетақыңызды есептеп, ең жиі қойылатын сұрақтарға жауап беретін онлайн-ботқа сұрақ қою және тағы басқа көптеген мүмкіндіктерге қол жеткізе аласыз.

  1. Сәлеметсіздер ме, менің есімім Николай, жасым 61-де, яғни зейнеталды жастағы адаммын. Жақында жұмыста сөгіс алдым және бастығыммен дауыс көтеруге дейін барған кикілжің орын алды. Ол маған жұмыстан босатып қана қоймай, зейнетақы шотыма салынған қаражатымды да шешіп алатыны туралы айтып, қорқытпақшы болды. Менің зейнетақы жинағымның жай-күйі туралы үзінді көшірмені менен басқа кім көре алады, түсіндіріп беріңізші!?

Уайымдауға еш негіз жоқ, себебі, салымшылардың жеке зейнетақы шоттарындағы ақша қалдықтары мен олардың қозғалысы туралы мәлімет зейнетақы жинақтарының құпиясы болып табылады. Сіздің бастығыңыз Сіздің орныңызға жеке зейнетақы шотыңыздан үзінді көшірмені ала алмайды. Кез келген үшінші тұлғаға ақпарат беру тек нотариалды куәландырылған сенімхат немесе сот шешімі болған кезде ғана мүмкін. Ал Сіздің жеке зейнетақы шотыңыздан ақша шешіп алу тіпті де мүмкін емес, себебі оған жарналар Сіздің жалақыңыздан аударылады және жинақ Сіздің жеке меншігіңіз болып есептеледі, оны тек өзіңіз заңда көзделген жағдайларда ғана пайдалана аласыз.

  1. Аз уақыт бұрын әжеміз өмірден озды. Жерлеу рәсімін өткізгеннен кейін біздің есімізге БЖЗҚ-да әжемнің зейнетақы шоты бар екені түсті. Ол кісінің шотында қалған қаражаты туралы үзінді көшірмені қалай алсақ болады? Мен немересімін.

Салымшы немесе алушы қайтыс болған жағдайда жеке зейнетақы шотының болуы, ондағы ақша қалдығы мен қозғалысы туралы анықтамалар заң немесе өсиетте көрсетілген мұраға құқық туралы куәлікке сәйкес мұрагер болып табылатын тұлғаларға немесе соттарға олардың өндірісіндегі мұрагерлік істер бойынша ұйғарым негізінде жазбаша сұраныс бойынша берілетіндігін ескерткіміз келеді. Бұдан бөлек, жеке зейнетақы шотының болуы, ондағы ақша қалдықтары және қозғалысы туралы анықтамалар, салымшы немесе алушы қайтыс болған жағдайда, нотариустарға және шетелдік консулдық мекемелерге олардың жүргізуіндегі мұрагерлік істер бойынша беріледі.

Сонымен қатар алушы, сондай-ақ БЖЗҚ-да зейнетақы жинақтары бар,  зейнеткерлік жасқа толмаған адам қайтыс болған жағдайда, оның отбасына не жерлеуді жүзеге асырған адамға тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген 52,4 еселенген айлық есептік көрсеткіш, бірақ жеке зейнетақы шотындағы қаражаттан аспайтын мөлшердегі (2020 жылы 1 АЕК 2 651 теңгеге тең, тиісінше, жерлеуге берілетін біржолғы төлем 138 912 теңгені құрайды) жерлеуге берілетін біржолғы төлем жүзеге асырылады. Егер жерлеуге берілетін біржолғы төлем жүзеге асырылғаннан кейін алушының жеке зейнетақы шотындағы зейнетақы жинақтарының қалдығы тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген ең төменгі зейнетақы мөлшерінен аспайтын соманы құрайтын болса, бұл қалдық жерлеуге арналған төлем ретінде төленеді.

Зейнетақы жинақтары өсиет немесе заң бойынша мұраға қалдырылады.  Өсиет мүлде болмаған не ол мұраның тағдырын толық айқындай алмайтын, сондай-ақ азаматтық заңнамада белгіленген өзге де жағдайларда заң бойынша мұрагерлік ресімделеді.

Айта кету керек, Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 6-бөліміне (мұрагерлік құқық) сәйкес мұраны қабылдау мұра ашылған жердегi нотариусқа немесе заңға сәйкес мұра алу құқығы туралы куәлiктi беруге уәкiлеттi лауазымды адамға мұрагердiң мұраны қабылдау туралы өтiнiшiн не мұрагердiң мұраға құқық туралы куәлiк беру туралы өтiнiшiн беру арқылы жүзеге асырылады. Мұра мұраның ашылу күнінен бастап алты ай ішінде, яғни мұра қалдырушы қайтыс болған күннен бастап алты ай ішінде қабылдануы мүмкін.

Қажетті құжаттардың тізбесі беру тәсіліне қарай БЖЗҚ-ның https://www.enpf.kz/ru/services/recipient/heir.php сайтында орналастырылған.

 

 

Зейнетақы туралы жиі қойылатын сұрақтар

 

  1. Сәлеметсіз бе, мен ұзақ уақыт бойы базарда бейресми жұмыс істедім және жалақымды «қолма-қол» алып отырдым. Әрине, менде зейнетақы шарты да, шотым да болған жоқ. Ал қазір мен бір компанияға жұмысқа тұрдым, бірақ маған БЖЗҚ-да шарт жасау қажеттілігі жоқ деген хабарлама берді. Неліктен?

Міне, Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында зейнетақы шотын ашу рәсімі жеңілдетілгеніне де бір жылдай уақыт болып қалды. 2019 жылғы 8 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы Заңына енгізілген өзгерістерге сәйкес міндетті зейнетақы жарналарын (МЗЖ) есепке алу бойынша жеке зейнетақы шотын (ЖЗШ) ашу үшін жеке тұлғаға БЖЗҚ қызмет көрсету кеңселеріне жүгіну қажет емес. Шот алғашқы жарна түскен кезде автоматты түрде ашылады. Бұл ретте жеке тұлғаны сәйкестендіру МЗЖ аудару кезінде жасалған электрондық форматтағы төлем тапсырмасында көрсетілген жеке деректері (аты-жөні, ЖСН, туған күні) бойынша жүзеге асырылады, ал жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын қолданыстағы құжат деректемелері, тұрғылықты тұратын жері туралы барлық қажетті мәліметтерді БЖЗҚ мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінен алады. Осылайша тек өткен жыл үшін 2019 жылы автоматтандырылған үрдіс көмегімен МЗЖ бойынша 400 мыңға жуық шот ашылды.

 

  1. Қайырлы күн, жақында маған инфаркт дертіне шалдыққаннан кейін екінші топ мүгедектігі берілді. Менің барлық жинақтарымды емделу үшін бірден бірақ беруі мүмкін бе?

Қазіргі уақытта қолданыстағы «ҚР-да зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заңға сәйкес БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерін алу құқығы белгілі бір жағдайларда, соның ішінде мерзімсіз уақытқа 1 және 2 топ мүгедектігі тағайындалған кезде басталады. Осылайша егер 2-топ мүгедектігі мерзімсіз уақытқа тағайындалған болса, Сіз БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерін тек ай сайын белгіленген кесте бойынша ала аласыз.

Қазі кезде Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша Үкімет жанынан арнайы құрылған жұмыс тобы зейнетақы жинақтарын зейнетақы төлемдерінен басқа өзге де мақсаттарға, атап айтқанда, жинақтың бір бөлігін емдік қажеттіліктерге пайдаланудың түрлі нұсқаларын қарастыруда. Алайда қазіргі уақытта бұл мәселе бойынша шешім қабылданған жоқ.

 

  1. Менің тәтем шалғай ауылда тұрады, онда сіздердің филиалдарыңыз жоқ, аудан орталығына бару өте алыс, оған қалай кеңес алуға болады?

БЖЗҚ еліміздің шалғай елді мекендерін зейнетақы қызметтерімен қамту үшін жаңа жобалар енгізуде. Мысалы, «Мобильді кеңсе» жобасы. Бұл заманауи спутниктік байланыс құралдарын қоса алғанда, салымшыларға қызмет көрсету үшін қажетті барлық құралдармен жабдықталған шағын автобус. Шалғай елді мекендердің тұрғындары «Мобильді кеңседен» БЖЗҚ бөлімшелерінде көрсетілетін қызметтерді, атап айтқанда, шоттан үзінді көшірме алу немесе зейнетақы жинақтарын сақтандыру компаниясына аударуға өтініш беру, ерікті зейнетақы жарналары бойынша жеке зейнетақы шотын ашу, хабарландыру тәсілін өзгерту және басқа да көптеген қызметтерді ала алады. Қазіргі уақытта «Мобильді кеңселер» Алматы, Атырау, Қостанай, Қарағанды, Қызылорда, Ақтөбе, Ақмола, Жамбыл, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарында қатынайды. Биылғы жылы Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан және Түркістан облыстарында да «Мобильді кеңселерді» қосымша енгізу жоспарланып отыр.

Сонымен қатар сіз «Қазпошта» бөлімшелерінің кең ауқымды желісін пайдалана аласыз. Қазпошта операторларын оқыту үдерісі жүргізілгеннен кейін, пошталық байланыс операторының 220 бөлімшесінде Сіз «БЖЗҚ» АҚ қызметтерін ала аласыз. «Қазпошта» арқылы қызмет көрсетуге Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Атырау, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қызылорда, Қостанай, Маңғыстау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Түркістан облыстарының елді мекендері қосылған. Барлық елді мекендердің толық тізімін enpf.kz (https://www.enpf.kz/ru/services/kazpost/index.php) сайтынан көруге болады. Егер сіздің туысыңыз осы елді мекендердің бірінде тұратын болса, онда ол осы жерлерден мынадай қызметтерді ала алады: салымшының қосымша деректемелерін өзгерту (толықтыру) туралы өтініш беру; хабарландыру тәсілін өзгерту (белгілеу) туралы келісімге (оның ішінде «БЖЗҚ» АҚ қызметтеріне электрондық форматта қол жеткізу үшін) қол қою.

Бұл ретте «Мобильдік кеңсе» және «Қазпошта» бөлімшелерінде сіздің тәтеңіз хабарландыру тәсілін электрондық нұсқаға өзгерте алады. Осылайша оның өз зейнетақы шотын ENPF.KZ сайтында немесе біздің ұялы қосымшада дербес бақылауға да мүмкіндігі бар. Қазіргі уақытта қор электрондық қызметтердің төмендегі түрлерін ұсынады:

1) ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасау (өз пайдасына);

2) деректемелерге, оның ішінде хабарландыру тәсіліне өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу;

3) жеке зейнетақы шотынан (ЖЗШ) үзінді көшірмені қарап, көру;

4) ЖЗШ-дан үзінді көшірмені электрондық мекенжайға алу;

5) ЖЗШ бар екендігі туралы анықтама алу;

6) ЖЗШ ашу туралы өтінішті/зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартты жаңа редакцияда алу («дубликат»);

7) мерзімсіз уақытқа 1 немесе 2 топ мүгедектігі белгіленуіне байланысты, зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы өтініш беру;

8) төлем жасау және (немесе) зейнетақы жинақтарын аудару туралы өтініштің орындалу барысын қадағалау.

 

  1. Біз отбасымызбен, міне, бес жыл бойы Ресейде өмір сүріп жатырмыз. Мен анамды өзімнің қасыма алдырғым келеді, себебі, ол зейнетке шыққанда материалдық тұрғыдан қиналып қала ма деп алаңдаймыз. Бірақ ол жақсы зейнетақы алу үшін жинақтары мен еңбек өтілі жеткілікті деп санайды. Зейнетақы жасына жетуге оған бір-ақ жыл қалды, сол үшін де біз анамызға төленетін болашақ төлемдердің өлшемін шамамен есептеп көргіміз келеді, оны қалай істеуге болады?

Болашақ зейнетақыны болжалды зейнетақы калькуляторы арқылы есептеу өте оңай. Оның көмегімен болашақ зейнетақы төлемдерінің сан түрлі өзекті есебін шығару мүмкіндігі бар. Бұл ретте мемлекеттік базалық зейнетақы және жасына байланысты зейнетақы (немесе ортақ), сондай-ақ БЖЗҚ-дан төлемдер болған кезде автоматты түрде болжанады. Бұдан басқа міндетті зейнетақы жарналарынан (МЗЖ), міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарынан (МЗЖ) немесе ерікті зейнетақы жарналарынан (ЕЗЖ) қалыптастырылған жеке шоттар болған кезде бағдарлама екі-үш рет басу арқылы болашақ төлемдердің болжалды бейнесін бере алады.

Болжалды калькуляторда есептеу үшін барлық бағандарды – туған күні, жынысы, еңбек өтілі, зейнетақы жинақтау жүйесіне қатысу өтілі, бүгінгі күндегі жинақталған қаражат сомасы және соңғы уақыттағы жалақы мөлшерін толтыру қажет. Егер сіздің анаңыз enpf.kz сайтындағы жеке кабинетте тіркелген болса, жинақ сомасы автоматты түрде көрсетіледі. Осылайша есептеу нәтижесі үш сценарийде беріледі: пессимистік, шынайы және оптимистік. Барлық үш нұсқа инфляциядан жоғары кірістіліктің болжамды деңгейін ескереді. Бұл ретте барлық болжамды нәтижелер нақты құндық көріністе (болжамның тиісті кезеңінің инфляциясын шегере отырып) ұсынылады.

Айтпақшы, алдағы жылы зейнетке шығатын салымшылар үшін калькулятордың жеңілдетілген нұсқасы бар, ол – ағымдағы зейнетақы калькуляторы деп аталады.

 

  1. Толығырақ айтып беріңізші, мемлекеттік кепілдікті қазіргі уақытта қалай ресімдеуге болады, қайда өтініш жасау керек?

2018 жылғы қазаннан бастап зейнетақы жинақтарының сақталуына мемлекеттік кепілдік «ұйғарым бойынша» есептеледі,  жасына байланысты зейнетақы төлемдерін және мемлекеттік бюджеттен мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін тағайындау үшін, сондай-ақ БЖЗҚ-дан міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) және міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) есебінен зейнетақы төлемдерін алу үшін бір өтініш берген кезде «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Халыққа қызмет көрсету орталығына (ХҚО) бірыңғай өтінішпен және құжаттар жинақтамасымен жүгіну қажет.

Өтінішке орай, мемлекеттік кепілдік төлемі әр адам үшін арнайы әзірленген әдістеме  бойынша жеке есептеледі және салымшы төлемді, егер оған тиесілі болса, өзінің банктегі шотына алады.

Азаматтардың басқа санаттары, яғни егер мүгедектігі мерзімсіз болып белгіленсе, І және ІІ топ мүгедектері, Қазақстанның шегінен тыс жерлерге тұрақты тұруға кеткен адамдар, МЗЖ, МКЗЖ аударған шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар, мемлекеттік кепілдік төлеміне құқығы бар адам қайтыс болған жағдайда, оның мұрагерлері зейнетақы төлемдерін алу үшін БЖЗҚ-ға, ал мемлекеттік кепілдік төлемі үшін ХҚО-ға хабарласады.

Еске сала кетейік, Қазақстанда зейнетақы жинақтарының сақталуына мемлекеттік кепілдіктің бірегей үлгісі жұмыс істейді. «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, мемлекет алушыларға Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы мiндеттi зейнетақы жарналарының, мiндеттi кәсіптік зейнетақы жарналарының алушы зейнетақы төлемдеріне құқықты алған кездегі инфляция деңгейiн ескере отырып, жарналардың нақты енгiзiлген мөлшерiнде сақталуына кепiлдiк бередi.

Мемлекеттік кепілдік төлемі (инфляция деңгейін ескере отырып, нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының сомасы мен зейнетақы жинақтарының сомасы арасындағы айырма) мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен біржолғы төлемді білдіреді. Мемлекет кепілдік бойынша төлем жасау құқығына салымшылар зейнеткерлік жасқа жеткен кезде ие болады. Бұдан бөлек, мұндай құқыққа егер мүгедектігі мерзімсіз болып белгіленсе, І және ІІ топ мүгедектері, Қазақстанның шегінен тыс жерлерге тұрақты тұруға кеткен адамдар, МЗЖ, МКЗЖ аударған шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар, мемлекеттік кепілдік төлеміне құқығы бар адам қайтыс болған жағдайда, оның мұрагерлері ие.

 

БЖЗҚ маңызды сұрақтарға жауап береді

 10.02.2020ж

  1. Биыл 25 ақпанда менің анам 59 жасқа толады. Ол зейнеткерлікке шығуға дайындалып жатыр. Бұл үшін құжаттарды қайда тапсыру керек?

«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» ҚР Заңына сәйкес зейнет жасына толған азаматтар, олардың ішінде биыл 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап 59,5 жасқа толған әйелдер Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан (БЖЗҚ) міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) және міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) есебінен зейнетақы төлемдерін алуға құқылы. Осылайша Сіздің анаңыз 59,5 жасқа толуға 10 күн қалғанда, яғни ағымдағы жылдың 15 тамызында зейнетақы төлемдерін алуға өтініш бере алады. Алайда есіңізде болсын, зейнетақыны 2020 жылдың 31 желтоқсанына дейін рәсімдеу керек. Егер анаңыз одан кешіктірсе өтінішті 2021 жылы 60 жасқа толғанда беруіне тура келеді.

Зейнетақы алу құқығына ие болған азаматтар зейнетақы төлемдерін рәсімдеу бойынша бірыңғай өтініш пен құжаттар топтамасын тек бір жерге – «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясының Халыққа қызмет көрсету орталығына (ХҚО) тапсырады. Әрі қарай Қор төлемдері мен бюджет есебінен берілетін зейнетақылар (ортақ және базалық зейнетақы) кесте бойынша алушының өтінішінде көрсетілген банк шотына ай сайын бір мезгілде аударылып отырады. Бұл ретте алушыға мемлекеттік кепілдік бойынша айырма сомасын (инфляция деңгейін ескере отырып, зейнетақы жинақтары мен нақты енгізілген МЗЖ, МКЗЖ сомасы арасындағы айырма) төлеуге қатысты алдын алу қызметі көрсетіледі. Яғни, бұл үшін бөлек өтініш берудің қажеті жоқ.

Қордан алғашқы төлемдер зейнет жасына толған алушының банк шотына оның өтініші Мемлекеттік корпорацияға тіркелген күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде немесе Қордан зейнетақы төлемдерін алу құқығы туындаған күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады. Әрі қарай Қор төлемдері мен бюджет есебінен берілетін зейнетақылар арнайы кесте бойынша алушының өтінішінде көрсетілген банк шотына ай сайын бір мезгілде аударылып отырады.

Зейнетақыны рәсімдеу үшін ХҚО-ға мынадай құжаттарды тапсыру қажет:

жеке басты куәландыратын құжат;

банк шотының нөмірі;

жұмыс орнынан айлық табыстар және міндетті зейнетақы жарналары туралы анықтама;

еңбек кітапшасы;

білімі туралы диплом;

әскери билет (қорғаныс істері бойынша жергілікті басқармадан);

неке туралы куәлік;

балалардың туу туралы куәліктері.

Туу туралы куәлік жоқ болса, актілік жазбадан үзінді-көшірмені немесе азаматтық хал актісін тіркеу туралы анықтаманы әкелуге болады. Толық ақпаратты Мемлекеттік корпорацияның egov.kz сайтынан немесе ХҚО-ның жергілікті филиалдарының бірінен біле аласыз.

  1. Қайырлы күн. Мен 25 жыл бойы кенші болып еңбек еттім. 55 жасымда зейнеткерлікке шықсам деп едім. Аннуитетті пайдалана отырып, мерзімінен бұрын зейнетке шығудың жолын айтып берсеңіз екен.

«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» ҚР Заңының 59-бабына сәйкес 55 жасқа толған ерлер, биыл 51,5 жасқа толған әйелдер және өздері үшін міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары кемінде күнтізбелік 60 ай (5 жыл) төленген 50 жасқа толған адамдар (ерлер мен әйелдер) Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы жинақтарын өздері таңдаған сақтандыру ұйымына аудару арқылы мерзімінен бұрын алуға құқылы. Бірақ бұл үшін Қордағы жинақ ақша ай сайын кемінде ең төмен зейнетақы мөлшерiнде зейнетақы төлеп тұруға жеткілікті болуы тиіс. Бұл ретте зейнетақы аннуитеті шарты әйелдер: 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап – 50,5 жасқа; 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап – 51 жасқа; 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап – 51,5 жасқа; 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап – 52 жасқа; 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап – 52,5 жасқа; 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап – 53 жасқа; 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап – 53,5 жасқа; 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап – 54 жасқа; 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап – 54,5 жасқа; 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап – 55 жасқа толғанда жүргізіледі.

Зейнетақы аннуитеті шартын жасасу мақсатында жеткілікті зейнетақы жинақтарын есептеу үшін біздің сайттағы «Зейнетақы калькуляторын» пайдалануыңызға болады.

Зейнетақы жинақтарын БЖЗҚ-дан сақтандыру ұйымдарына аудару салымшының Қор кеңсесіне тікелей өзі келуі немесе сенім білдірілген тұлға арқылы (бұл жағдайда сенім білдірілген тұлға құжаттарды Қор кеңсесіне тікелей өзі әкелуі тиіс) жүзеге асырылады. Құжаттардың тізімі Қор сайтында «Қызметтер»-«Салымшылар»-«Зейнетақы жинақтары сақтандыру ұйымына қалай аударылады» бөлімінде орналасқан.

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры құжаттарды алған күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде алушының зейнетақы жинақтарын сақтандыру ұйымына аударады.

 

  1. Саламатсыз ба, бұдан екі жыл бұрын жұбайым екеуміз ұлымыздың неке тойына деп банктен несие алған едік. Алайда қазір қаржы жағынан қиналып отырмыз. Сұрайын дегенім, БЖЗҚ-дағы жинақтарымыздың бір бөлігін несиені өтеуге пайдалансақ болады ма?

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан зейнетақы жинақтарын мерзімінен бұрын несиені өтеуге пайдалану мүмкін емес. «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» ҚР Заңына сәйкес жеке тұлғалардың зейнетақы активтеріне деген құқығы заттық құқық санатына жатады және Заңда белгіленген мақсатқа ғана, оның ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруға қолданылуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сәйкес БЖЗҚ-дан берілетін зейнетақы төлемдері зейнет жасына толған азаматтарға (ерлерге 63 жасқа толғанда, әйелдерге биыл 59,5 жасқа толғанда) төленеді.

Оларға қоса мүгедектігі бар жандар I немесе II топтағы мүгедектігінің мерзімсіз, яғни, өмір бойына тағайындалу уақытына қарай Қордағы жинақтары есебінен зейнетақы төлемдерін ала алады.

Сонымен қатар Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерге тұрақты тұруға кеткен, кету дерегін растайтын құжаттар ұсынған шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдардың мiндеттi және міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебiнен қалыптасқан зейнетақы жинақтарын толық көлемде алуға құқығы бар.

Әйелдерге жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау: 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап – 58,5 жасқа толғанда; 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап – 59 жасқа толғанда; 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап – 59,5 жасқа толғанда; 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап – 60 жасқа толғанда; 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап – 60,5 жасқа толғанда; 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап – 61 жасқа толғанда; 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап – 61,5 жасқа толғанда; 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап – 62 жасқа толғанда; 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап – 62,5 жасқа толғанда; 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап 63 жасқа толғанда жүргізіледі.

Заңға сәйкес Қордағы зейнетақы жинақтарын сақтандыру ұйымдары арқылы мерзімінен бұрын алуға мүмкіндік бар. Яғни, 55 жасқа толған ерлер, биыл 51,5 жасқа толған әйелдер және өздері үшін міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары кемінде күнтізбелік 60 ай (5 жыл) төленген 50 жасқа толған адамдар (ерлер мен әйелдер) Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы жинақтарын өздері таңдаған сақтандыру ұйымына аудару арқылы мерзімінен бұрын алуға құқылы. Бірақ бұл үшін Қордағы жинақ ақша ай сайын кемінде ең төмен зейнетақы мөлшерiнде (2020 жылы ол – 38 636 теңге) зейнетақы төлеп тұруға жеткілікті болуы тиіс.

 

  1. Қайырлы күн, мен зейнетақы шотымнан үзінді көшірмені БЖЗҚ сайтының жеке кабинетінен алып тұратынмын. Бірақ соңғы бірнеше айда жеке кабинетке кірмеген соң, паролімді ұмытып қалдым. Не істеймін, тағы да Қордың бөлімшесіне баруым керек пе?

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының www.enpf.kz сайтының «Жеке кабинет» бөліміне кіру үшін жеке сәйкестендіру нөмірі мен құпиясөз (пароль) керек. Егер пароліңізді ұмытып қалсаңыз, онда қайта тіркеуден өтуіңіз қажет болады. Бұл үшін Қор сайтының «Жеке кабинет» бөліміне кіріп, «Пароль ауыстыру» батырмасын басып, барлық жолақтарды толтырыңыз. Сөйтіп, Қордың дерекқорында тіркелген электрондық мекенжайыңызды немесе ұялы телефоныңызды көрсетіп, «Жіберу» түймешігін басыңыз.

Енгізілген деректер жеке зейнетақы шотын ашу жөніндегі өтініште немесе хабарлау тәсілін өзгерту (белгілеу) туралы келісімде көрсетілген деректермен сәйкес болуы керектігін ұмытпаған жөн. Сондықтан Қорға тек маңызды және дұрыс деректерді ұсыну қажет. Көрсетілген электрондық мекенжайыңызға немесе ұялы телефоныңызға SMS арқылы келіп түскен бір реттік парольды алған соң, «Бір реттік пароль енгізу» батырмасын пайдаланыңыз. Яғни, бір реттік парольды енгізіп, жаңа пароліңізді тіркеңіз. Сөйтіп үзінді көшірмеге қол жеткізе аласыз.

 

  1. Қайырлы күн! 2005-2006 жылдары менің жұмыс берушім зейнетақы қорына жарна ретінде менің жалақымның көлеміне сәйкес келмейтін ең аз соманы аударып отырған екен. Бұл туралы менің бұрынғы әріптесім айтты. Менің жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысып келе жатқаныма 15 жылдан асты. Осы жылдар бойынша толық үзінді көшірмені қалай алуға болады?

Сіздің басқа зейнетақы қорларындағы зейнетақы жинақтарыңыз бойынша тарихи мәліметтерді алу үшін Бірыңғай жиинақтаушы зейнетақы қорының жергілікті филиалына жеке басыңызды куәландыратын құжатпен барып, өтініш беруіңіз керек. БЖЗҚ филиалдарының мекенжайы мен байланыс телефондарын Қор сайтының «Байланыстар» бөлімінде немесе 1418 тегін телефон нөміріне хабарласу арқылы алуға болады.

 

14.01.2020

Бес сұрақ айдары

  1. Қайырлы күн, биыл мен 59 жасқа толамын. Көп ұзамай Қордан зейнетақы төлемдерін рәсімдеуім керек. Туған күнім – 31 желтоқсан. «Жаңа жылға дайындаламыз деп жүріп, бұл күні өтініш беріп үлгермеймін бе», – деп қорқамын. Егер өтінішті алдағы жылдың басында берсем қалай болады? Туған күнге дейін беруге болмайма? Өтінішті қайда беруім керек?

Зейнетақы заңнамасына сәйкес зейнет жасына толған әйел (2019 жылы – 59 жас) жасына байланысты зейнетақы төлемдерін рәсімдеу үшін ағымдағы жылдың 31 желтоқсанына дейін «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясының жергілікті Халыққа қызмет көрсету орталығына жүгінуі керек. Сәйкесінше егер Сіз биыл үлгере алмасаңыз, «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 1 тармағына сәйкес зейнетақы төлемдерін алдағы жылы тек 59,5 жасқа толғанда ғана рәсімдей аласыз.

Сондықтан егер зейнет жасына биылғы жылдың 31 желтоқсанында толатын болсаңыз, онда оған 10 күн қалғанда, яғни 21-31 желтоқсан аралығында Халыққа қызмет көрсету орталығына барып, өтініш беруіңізге болады. Өйтпеген жағдайда, зейнетақы төлемдерін рәсімдеу үшін тағы 6 ай күтуіңізге тура келеді. Себебі, жоғарыда айтып өткеніміздей, әйелдердің зейнеткерлікке шығу жасы жыл сайын 6 айға ұзартылып отырады.

Еске саламыз, 2018 жылдың қазан айынан бастап «Бір терезе» қағидаты бойынша Композиттік қызмет іске қосылды. Соған сәйкес зейнет жасына толған азаматтар мемлекеттік бюджеттен төленетін базалық және ортақ зейнетақыны, сонымен қатар БЖЗҚ-дан берілетін зейнетақы төлемдерін рәсімдеу үшін бірыңғай өтінішпен «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясының Халыққа қызмет көрсету орталығына жүгінеді. Бұл ретте алушы жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін және салыстыру үшін түпнұсқасын, сондай-ақ банк шоты туралы мәлімет ұсынады. Әрі қарай жиынтық зейнетақы төлемдері бекітілген кесте бойынша ай сайын алушының өтінішінде көрсетілген банк шотына бір мезгілде аударылып отырады.

 

  1. Мен кенші болып жұмыс істеймін. Таяуда жұмыс берушім мен үшін өз қаражаты есебінен айлық табыстың 5 пайызы көлемінде Қорға міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын аударуы керектігін естідім. Мен жұмыс берушінің осы жарналарды Қорға дер кезінде аударып отырғандығын қалай білуіме болады?

Қазіргі уақытта Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры жеке зейнетақы шотының жай-күйі туралы ақпарат алудың бірқатар ыңғайлы тәсілдерін ұсынады. Атап айтар болсақ, Сіз шотыңыздағы зейнетақы жинақтарыңыз туралы  ақпаратты:

– Қор кеңсесіне тікелей бару арқылы (Қордың 215 дербес қызмет көрсету орталығы жұмыс істейді);

– пошта байланысы арқылы (үзіндіи көшірме салынған конверт әр жылдың басында салымшының Зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарты немесе жеке зейнетақы шотын ашу туралы өтінішінде көрсетілген мекенжайына жолданады);

– электрондық пошта арқылы (зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат салымшының шот ашу туралы өтінішінде немесе хабарлау тәсілін өзгерту туралы келісімде көрсеткен электрондық поштасына (таңдауына қарай: ай сайын, үш ай сайын, жарты жылда бір рет) жолданады);

– интернет байланысы арқылы (логин мен құпиясөз немесе электрондық цифрлық қолтаңбанының (ЭЦҚ) көмегімен, enpf.kz сайтының «Жеке кабинет» бөлімі және ұялы телефонға жүктелген ENPF ұялы қосымшасы арқылы) ала аласыз.

Бұлардан басқа ЭЦҚ көмегімен e-gov.kz сайтының «Әлеуметтік қамтамасыз ету»-«Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшысының (алушысының) зейнетақы жинақтарының (инвестициялық кірістерін ескере отырып) жай-күйі туралы ақпарат беру» бөлімі арқылы да алуға мүмкіндік бар.

Әрине, осы тәсілдердің ішінде ең ыңғайлысы – интернет байланысы. Ол бүгінде салымшылар мен алушылар арасында кеңінен танымал. Өйткені ол шоттың жай-күйін кез келген уақытта, кез келген жерде жылдам алуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар Қордың смартфондар мен планшеттерге арналған мобильді қосымшасын пайдалануға болады.

Ал егер шотыңыз бойынша ақпаратты Қор мамандарынан алғыңыз келсе, онда Қордың жергілікті бөлімшесіне жүгіне аласыз.

Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары Қорға табыстар алынған айдан кейінгі айдың 25-інен кешіктірілмей Қазақстан Республикасының ұлттық валютасымен төленеді. Оның толық және уақтылы төленуін бақылауды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік кіріс органдары жүзеге асырады.

Жұмыскер жалақы алғанына қарамастан жұмыс беруші уақытылы ұстап қалмаған және Қорға аудармаған міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын мемлекеттік кіріс органдары есептелген өсімпұлмен бірге өндіріп алады және Қорға аударуды жүзеге асырады. Бұдан басқа салық қызметі органдары жыл сайын бұқаралық ақпарат құралдарында міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша берешегі бар және оларды алты айдан астам уақыт бойы өтемей келе жатқан жұмыс берушілердің тізімін жариялап отырады.

 

  1. Саламатсыз ба, менің әкем екінші топтағы мүгедек. Оған Қордың бөлімшесіне келу өте қиын. Сұрайын дегенім, Қордың зейнетақы қызметтерін үйде алуға мүмкіндік бар ма?

«БЖЗҚ» АҚ әрбір салымшының (алушының) қамын ойлайды және өзінің зейнетақы қызметтерін әр ыңғайлы тәсілмен ұсынуға тырысады. 2015 жылы «Мобильдік агент» жобасын іске қосты. Ондағы мақсат – халықтың әлеуметтік тұрғыдан осал топтарына, оның ішінде мүмкіндігі шектеулі жандардың үйлеріне, сондай-ақ жергілікті ұйымдар мен кәсіпорындарға және режимдік нысандарға барып, зейнетақы жүйесі мен Қор қызметі жайында таныстырылымдық шаралар өткізу және қызмет көрсету. Осылайша Қор қызметінің ашықтығын, сапасы мен қолжетімділігін арттыру.

«Мобильдік агент» жобасы аясында Қордың барлық өңірлік филиалдарында Барып қызмет көрсету бөлімдері құрылған. Осылайша қандай да бір себеппен, бірінші кезекті денсаулығына байланысты Қор кеңсесіне келе алмайтын салымшы зейнетақы қызметін үйінде алу үшін Қордың байланыс орталығының 1418 тегін телефонына хабарласып, жағдайын айтып, өтініш қалдыра алады. Сондай-ақ enpf.kz сайтының «Электрондық қызмет көрсету»-«Халықтың әлеуметтік осал топтары үшін электрондық өтініш беру» бөліміне кіріп, тиісті нысандарды толтырып, электрондық өтініш қалдыруға да болады.  Қор қызметкерлері өтініш берген салымшыға хабарласып, жағдайын анықтап, кездесу уақытын белгілейді. Сөйтіп, 5 жұмыс күні ішінде үйіне барып онлайн тәртібінде қызмет көрсетеді. Бұл үшін Қор мамандары өздерімен бірге арнайы ноутбук, принтер, модем және басқа да қажетті құрылғыларды алып барады.

Мінеки, мұның барлығы салымшылар мен алушыларға барлық маңызды зейнетақы қызметтерін үйде алуға мүмкіндік береді.

  1. Менің жұбайым өзінің зейнетақы жинақтарын сақтандыру ұйымына аударып еді. Алғашқы төлемді алып та үлгерді. Алайда ақылдаса келе бұл қызметтен бас тартуды жөн көрдік. Енді сақтандыру компаниясына аударған жинақтарымызды Қорға кері қайтара аламыз ба?

Өкінішке қарай, сақтандыру ұйымына аударылған зейнетақы жинақтарын Қорға қайтаруға мүмкіндік жоқ. Өтініштің күшін зейнетақы жинақтарын сақтандыру ұйымына аударғанға дейін ғана жоюға болады. Зейнетақы заңнамасы бойынша Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры алушының тиісті құжаттарын алған соң, оның зейнетақы жинақтарын сақтандыру ұйымына 10 жұмыс күні ішінде аударады. Демек алушы жеке басын куәландырушы құжатпен Қорға осы уақыт ішінде барып барып үлгеруі тиіс.

  1. Мен таяуда 63 жасқа толдым. Қазір зейнеткермін. Бірақ жұмысымды одан әрі жалғастырып жатырмын. Әлі де істей бергім келеді. Менің білейін дегенім, зейнеткер болсам да жалақымнан міндетті зейнетақы жарналары ұстала ма?

Жоқ, ұсталмайды. «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 24-бабының 2 тармағына сәйкес зейнет жасына толған азаматтар Қорға міндетті зейнетақы жарналарын төлеуден босатылады. Бірақ олар өз еркімен ерікті жарналар аударуға құқылы. Бұл үшін БЖЗҚ-мен ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасасу қажет. Бұл ретте жарналардың мөлшері мен аудару жиілігін салымшының өзі белгілейді.

 

 

 

Бес сұрақ. Желтоқсан

 

  1. Қайырлы күн, осыдан екі апта бұрын мен күйеуіммен ажырастым. Енді бізді алда сот күтіп тұр. Мүліктерді бөлісеміз. Менің сұрайын дегенім, зейнетақы жинақтары жұбайлардың бірге жинаған ортақ мүлігі болып табыла ма?

Қазақстан Республикасының «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодексіне сәйкес ерлi-зайыптылардың некеде тұрған кезінде жинаған мүлкі олардың бiрлескен ортақ меншiгi болып табылады. Ерлi-зайыптылардың ортақ мүлкiн иелену, пайдалану және оған билiк ету ерлi-зайыптылардың екеуінің келiсiмi бойынша жүзеге асырылады. Алайда зейнетақы активтері заттық құқықтар тобына жатады. Яғни, зейнетақы жинақтарының иесі және оның зайыбы бұл жинақтарға зейнет жасына толғанда немесе заңнамада көрсетілген басқа да жағдайлар туындамай жатып иелік ете алмайды.

Осылайша Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында жатқан және алынбаған зейнетақы жинақтары ерлі-зайыптылардың ортақ меншігі болып табылмайды.

 

  1. Мен жеке кәсіпкер ретінде тіркеліп, өзімнің шағын бизнесімді бастадым. Білейін дегенім, Қорға аударатын зейнетақы жарналарымның көлемін қалай анықтауға болады?

Жеке практикамен айналысатын адамдар, жеке кәсіпкерлер, сондай-ақ азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша табыс алатын жеке тұлғалар үшін өз пайдасына Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына төленетін міндетті зейнетақы жарналарының көлемі алатын табыстың 10 пайызы мөлшерінде, бірақ тиісті қаржы жылына белгіленген ең төменгі жалақы мөлшерінің 10 пайызынан кем емес және 50 еселенген мөлшерінің 10 пайызынан жоғары емес мөлшерде белгіленеді.

Еске саламыз, 2019 жылы ең төменгі жалақы мөлшері 42 500 теңге болды және алдағы 2020 жылы бұл сома өзгеріссіз қалады. Бұл ретте жеке практикамен айналысатын адам, сондай-ақ жеке кәсіпкер алатын табыстың көлемін өздері айқындайды.

Табыс болмаған жағдайда жеке практикамен айналысатын адамдар, сондай-ақ жеке кәсіпкерлер тиісті қаржы жылына белгіленген ең төменгі жалақы мөлшерінің 10 пайызы есебімен өз пайдасына Қорға міндетті зейнетақы жарналарын аударуға құқылы. Міндетті зейнетақы жарналарын салық агенті ақшасыз төлем жолымен жүзеге асырады.

Адвокаттар, жеке сот орындаушылары, жеке нотариустар, кәсіби медиаторлар, сондай-ақ азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша табыс алатын жеке тұлғалар егер банкте шоттары жоқ болса, міндетті зейнетақы жарналарын кейіннен БЖЗҚ-ға аудару үшін банкке қолма-қол ақшамен төлейді. Міндетті зейнетақы жарналарын банк арқылы қолма-қол ақшамен немесе қолма-қол ақшасыз төлеу Қазақстан Республикасының «Төлемдер және төлем жүйелері туралы» Заңда белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.

 

  1. Саламатсыз ба! Менің апам бірінші топтағы мүгедек. Сондықтан жұмыс істей алмайды. Ол болашақта Қордан лайықты зейнетақы төлемдерін алуы үшін Қордағы шотына ерікті жарна аудара аламын ба?

«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ешқашан жұмыс істемеген мүгедектер, мүгедектік тобы мен мерзімділігіне қарамастан БЖЗҚ-дан тек ерікті зейнетақы жарналарынан құралған жинақтар есебінен ғана төлемдер ала алады. Сондықтан Сіздің шешіміңіз дұрыс.

Ерікті зейнетақы жарналары – салымшылардың ерікті түрде БЖЗҚ-ға өз пайдасына немесе үшінші тұлғаның пайдасына аударатын ақша. Ерікті жарналар апаңыздың болашақта мемлекеттік бюджеттен алатын базалық зейнетақысына елеулі қосымша қаражат болады.

Қорға аударылатын зейнетақы жарналары бекерге жатпайды, әр түрлі қаржы құралдарына инвестицияланады. Сәйкесінше зейнетақы шотына күн сайын инвестициялық табыс есептеліп отырады.

Айта кетелік, ерікті жарналардың мөлшері мен аудару жиілігін өзіңіз белгілейсіз. Мысалы, желтоқсан айында 10 000 теңге, ал қаңтар айында 4 000 теңге аударуыңыз мүмкін. Яғни, жарна көлемі қаржылық мүмкіндігіңізге байланысты.

Айтпақшы, ерікті жинақтардың артықшылығы сол, оны 50 жасқа толған соң ала беруге болады. Бұл ретте алушы жинақ ақшасын өз қалауымен бір рет толығымен немесе бөліп: ай сайын, үш ай сайын немесе алты ай сайын ала алады. Бұл туралы өз өтінішінде көрсетеді. БЖЗҚ-дан ерікті зейнетақы жарналары есебінен төлемдерді алуға қажетті құжаттардың тізімі enpf.kz сайтында көрсетілген.

 

  1. Саламатсыз ба! Мен кейбір санаттағы адамдардың Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына міндетті зейнетақы жарналарын төлеуден босатылғанын естідім. Олар кімдер?

«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына міндетті зейнетақы жарналарын төлеуден:

1) зейнеткерлік жасқа толған азаматтар (ерлер 63 жасқа толғанда, әйелдер биыл 31 желтоқсанға дейін 59 жасқа толғанда. Ал 01.01.2020ж. бастап әйелдер зейнетке 59,5 жаста шығады);

2) бірінші және екінші топтардағы мүгедектігі мерзімсіз болып белгіленген жандар;

3) әскери қызметшiлер (мерзiмдi қызметтегі әскери қызметшiлерден басқа), арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдары мен мемлекеттік фельдъегерлік қызметтің қызметкерлері, сондай-ақ арнаулы атақтарға, сыныптық шендерге ие болу және нысанды киiм киiп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдар;

4) еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы алатындар босатылады.

Бұл ретте бірінші және екінші топтардағы мүгедектігі мерзімсіз болып белгіленген жандардың өтініші бойынша Қорға міндетті зейнетақы жарналарын төлеу одан әрі жалғасуы мүмкін.

 

  1. Таяуда зейнетақы шотым бойынша үзінді көшірме алдым. Бірнеше миллион теңге жиналып қалыпты. Алайда соңғы кезде кейбір банктердің таратылғанын немесе басқа банктермен біріккенін көріп жүрміз. БЖЗҚ-ның алдында ондай қауіп жоқ па? Жинақ ақшамыздың сақталуына кім кепілдік береді?

Уайымдауға еш негіз жоқ. «Қазақстанда зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабына сәйкес зейнетақы төлемдерін алу құқығы туындаған шақта мемлекет алушының жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысқан бүкіл кезеңіндегі инфляция деңгейін ескере отырып, оның атына Қорға аударылған мiндеттi зейнетақы жарналары мен мiндеттi кәсіптік зейнетақы жарналарының нақты енгізілген мөлшерінде сақталуына кепiлдiк бередi. Дәл мұндай кепілдік әлемнің ешбір елінде жоқ.  Мысалы, Швеция, Австралия, Израиль, Норвегия, Мексика, Эстония елдерінде зейнетақы жинақтарының сақталуына ешқандай кепілдік берілмейді. Ал Чехия, Жапония және Словакияда зейнетақы жинақтарының табыстылығына кепілдік қарастырылмаған. Бұл елдерде зейнетақы қорлары жарналардың атаулы құнының, яғни,  инфляцияны ескермей нөлдік инвестициялық табыстылықтың сақталуына ғана кепілдік береді.

 

 

Бес сұрақ айдары

  1. Қайырлы күн, биыл мен 59 жасқа толамын. Көп ұзамай Қордан зейнетақы төлемдерін рәсімдеуім керек. Туған күнім – 31 желтоқсан. «Жаңа жылға дайындаламыз деп жүріп, бұл күні өтініш беріп үлгермеймін бе», – деп қорқамын. Егер өтінішті алдағы жылдың басында берсем қалай болады? Туған күнге дейін беруге болмайма? Өтінішті қайда беруім керек?

Зейнетақы заңнамасына сәйкес зейнет жасына толған әйел (2019 жылы – 59 жас) жасына байланысты зейнетақы төлемдерін рәсімдеу үшін ағымдағы жылдың 31 желтоқсанына дейін «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясының жергілікті Халыққа қызмет көрсету орталығына жүгінуі керек. Сәйкесінше егер Сіз биыл үлгере алмасаңыз, «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 1 тармағына сәйкес зейнетақы төлемдерін алдағы жылы тек 59,5 жасқа толғанда ғана рәсімдей аласыз.

Сондықтан егер зейнет жасына биылғы жылдың 31 желтоқсанында толатын болсаңыз, онда оған 10 күн қалғанда, яғни 21-31 желтоқсан аралығында Халыққа қызмет көрсету орталығына барып, өтініш беруіңізге болады. Өйтпеген жағдайда, зейнетақы төлемдерін рәсімдеу үшін тағы 6 ай күтуіңізге тура келеді. Себебі, жоғарыда айтып өткеніміздей, әйелдердің зейнеткерлікке шығу жасы жыл сайын 6 айға ұзартылып отырады.

Еске саламыз, 2018 жылдың қазан айынан бастап «Бір терезе» қағидаты бойынша Композиттік қызмет іске қосылды. Соған сәйкес зейнет жасына толған азаматтар мемлекеттік бюджеттен төленетін базалық және ортақ зейнетақыны, сонымен қатар БЖЗҚ-дан берілетін зейнетақы төлемдерін рәсімдеу үшін бірыңғай өтінішпен «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясының Халыққа қызмет көрсету орталығына жүгінеді. Бұл ретте алушы жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін және салыстыру үшін түпнұсқасын, сондай-ақ банк шоты туралы мәлімет ұсынады. Әрі қарай жиынтық зейнетақы төлемдері бекітілген кесте бойынша ай сайын алушының өтінішінде көрсетілген банк шотына бір мезгілде аударылып отырады.

 

  1. Мен кенші болып жұмыс істеймін. Таяуда жұмыс берушім мен үшін өз қаражаты есебінен айлық табыстың 5 пайызы көлемінде Қорға міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын аударуы керектігін естідім. Мен жұмыс берушінің осы жарналарды Қорға дер кезінде аударып отырғандығын қалай білуіме болады?

Қазіргі уақытта Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры жеке зейнетақы шотының жай-күйі туралы ақпарат алудың бірқатар ыңғайлы тәсілдерін ұсынады. Атап айтар болсақ, Сіз шотыңыздағы зейнетақы жинақтарыңыз туралы  ақпаратты:

– Қор кеңсесіне тікелей бару арқылы (Қордың 215 дербес қызмет көрсету орталығы жұмыс істейді);

– пошта байланысы арқылы (үзіндіи көшірме салынған конверт әр жылдың басында салымшының Зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарты немесе жеке зейнетақы шотын ашу туралы өтінішінде көрсетілген мекенжайына жолданады);

– электрондық пошта арқылы (зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат салымшының шот ашу туралы өтінішінде немесе хабарлау тәсілін өзгерту туралы келісімде көрсеткен электрондық поштасына (таңдауына қарай: ай сайын, үш ай сайын, жарты жылда бір рет) жолданады);

– интернет байланысы арқылы (логин мен құпиясөз немесе электрондық цифрлық қолтаңбанының (ЭЦҚ) көмегімен, enpf.kz сайтының «Жеке кабинет» бөлімі және ұялы телефонға жүктелген ENPF ұялы қосымшасы арқылы) ала аласыз.

Бұлардан басқа ЭЦҚ көмегімен e-gov.kz сайтының «Әлеуметтік қамтамасыз ету»-«Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшысының (алушысының) зейнетақы жинақтарының (инвестициялық кірістерін ескере отырып) жай-күйі туралы ақпарат беру» бөлімі арқылы да алуға мүмкіндік бар.

Әрине, осы тәсілдердің ішінде ең ыңғайлысы – интернет байланысы. Ол бүгінде салымшылар мен алушылар арасында кеңінен танымал. Өйткені ол шоттың жай-күйін кез келген уақытта, кез келген жерде жылдам алуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар Қордың смартфондар мен планшеттерге арналған мобильді қосымшасын пайдалануға болады.

Ал егер шотыңыз бойынша ақпаратты Қор мамандарынан алғыңыз келсе, онда Қордың жергілікті бөлімшесіне жүгіне аласыз.

Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары Қорға табыстар алынған айдан кейінгі айдың 25-інен кешіктірілмей Қазақстан Республикасының ұлттық валютасымен төленеді. Оның толық және уақтылы төленуін бақылауды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік кіріс органдары жүзеге асырады.

Жұмыскер жалақы алғанына қарамастан жұмыс беруші уақытылы ұстап қалмаған және Қорға аудармаған міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын мемлекеттік кіріс органдары есептелген өсімпұлмен бірге өндіріп алады және Қорға аударуды жүзеге асырады. Бұдан басқа салық қызметі органдары жыл сайын бұқаралық ақпарат құралдарында міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша берешегі бар және оларды алты айдан астам уақыт бойы өтемей келе жатқан жұмыс берушілердің тізімін жариялап отырады.

 

  1. Саламатсыз ба, менің әкем екінші топтағы мүгедек. Оған Қордың бөлімшесіне келу өте қиын. Сұрайын дегенім, Қордың зейнетақы қызметтерін үйде алуға мүмкіндік бар ма?

«БЖЗҚ» АҚ әрбір салымшының (алушының) қамын ойлайды және өзінің зейнетақы қызметтерін әр ыңғайлы тәсілмен ұсынуға тырысады. 2015 жылы «Мобильдік агент» жобасын іске қосты. Ондағы мақсат – халықтың әлеуметтік тұрғыдан осал топтарына, оның ішінде мүмкіндігі шектеулі жандардың үйлеріне, сондай-ақ жергілікті ұйымдар мен кәсіпорындарға және режимдік нысандарға барып, зейнетақы жүйесі мен Қор қызметі жайында таныстырылымдық шаралар өткізу және қызмет көрсету. Осылайша Қор қызметінің ашықтығын, сапасы мен қолжетімділігін арттыру.

«Мобильдік агент» жобасы аясында Қордың барлық өңірлік филиалдарында Барып қызмет көрсету бөлімдері құрылған. Осылайша қандай да бір себеппен, бірінші кезекті денсаулығына байланысты Қор кеңсесіне келе алмайтын салымшы зейнетақы қызметін үйінде алу үшін Қордың байланыс орталығының 1418 тегін телефонына хабарласып, жағдайын айтып, өтініш қалдыра алады. Сондай-ақ enpf.kz сайтының «Электрондық қызмет көрсету»-«Халықтың әлеуметтік осал топтары үшін электрондық өтініш беру» бөліміне кіріп, тиісті нысандарды толтырып, электрондық өтініш қалдыруға да болады.  Қор қызметкерлері өтініш берген салымшыға хабарласып, жағдайын анықтап, кездесу уақытын белгілейді. Сөйтіп, 5 жұмыс күні ішінде үйіне барып онлайн тәртібінде қызмет көрсетеді. Бұл үшін Қор мамандары өздерімен бірге арнайы ноутбук, принтер, модем және басқа да қажетті құрылғыларды алып барады.

Мінеки, мұның барлығы салымшылар мен алушыларға барлық маңызды зейнетақы қызметтерін үйде алуға мүмкіндік береді.

  1. Менің жұбайым өзінің зейнетақы жинақтарын сақтандыру ұйымына аударып еді. Алғашқы төлемді алып та үлгерді. Алайда ақылдаса келе бұл қызметтен бас тартуды жөн көрдік. Енді сақтандыру компаниясына аударған жинақтарымызды Қорға кері қайтара аламыз ба?

Өкінішке қарай, сақтандыру ұйымына аударылған зейнетақы жинақтарын Қорға қайтаруға мүмкіндік жоқ. Өтініштің күшін зейнетақы жинақтарын сақтандыру ұйымына аударғанға дейін ғана жоюға болады. Зейнетақы заңнамасы бойынша Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры алушының тиісті құжаттарын алған соң, оның зейнетақы жинақтарын сақтандыру ұйымына 10 жұмыс күні ішінде аударады. Демек алушы жеке басын куәландырушы құжатпен Қорға осы уақыт ішінде барып барып үлгеруі тиіс.

  1. Мен таяуда 63 жасқа толдым. Қазір зейнеткермін. Бірақ жұмысымды одан әрі жалғастырып жатырмын. Әлі де істей бергім келеді. Менің білейін дегенім, зейнеткер болсам да жалақымнан міндетті зейнетақы жарналары ұстала ма?

Жоқ, ұсталмайды. «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 24-бабының 2 тармағына сәйкес зейнет жасына толған азаматтар Қорға міндетті зейнетақы жарналарын төлеуден босатылады. Бірақ олар өз еркімен ерікті жарналар аударуға құқылы. Бұл үшін БЖЗҚ-мен ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасасу қажет. Бұл ретте жарналардың мөлшері мен аудару жиілігін салымшының өзі белгілейді.

 

 

5 сұрақ айдары.

(қараша айы)

 

  1. Менің ұлым он жылдан астам уақыттан бері Ресейдің Челябинск қаласында тұрады. Қазір мен де Ресейге қоныс аударуды ойластырып жүрмін. Ендеше Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы жинақ ақшамды қалай алсам болады?

Егер Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында (БЖЗҚ, Қор) міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және ерікті зейнетақы жарналары есебінен жинақтарыңыз болса, Қазақстан Республикасынан тысқары жерге қоныс аударуыңызға байланысты оларды толық мөлшерде алуыңызға құқыңыз бар. Бұл ретте Қорға құжаттарды тапсырудың мынадай тәсілдері ұсынылады:

– Қор бөлімшесіне тікелей келіп өтініш жасау;

– пошта байланысы;

– үшінші тұлға (сенім білдірілген тұлға) арқылы. Бұл ретте құжаттар сенім білдірілген тұлға Қор кеңсесіне келген жағдайда ғана қабылданады.

Есіңізде болсын, Сіз Қорға өтініш жасамай тұрып, шетелге тұрақты тұруға кетуіңізді ресми түрде рәсімдеп алуыңыз керек. Бұл зейнетақы заңнамасының талабы.

Егер шетелге біржола қоныс аударатындар жинақтарын алу үшін Қор бөлімшесіне өздері келіп өтініш жасаса:

1) БЖЗҚ ішкі құжатымен бекітілген нысан бойынша толтырылған өтінішті;

2) егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, шетелдік паспорттың көшірмесін және салыстырып тексеру үшін түпнұсқасын (Ресей Федерациясы азаматының ішкі паспорты жарамайды);

3) алушының банк шоты туралы мәліметтерді ұсынады.

Өтініш сенім білдірілген тұлға арқылы ұсынылса, жоғарыда аталған құжаттарға қоса үшінші тұлға мына құжаттарды тапсырады:

1) нотариат куәландырған сенімхаттың түпнұсқасы немесе оның нотариат куәландырған көшірмесі;

2) үшінші тұлғаның жеке басын куәландырушы құжаттың көшірмесі және салыстыру үшін түпнұсқасы. Бұл ретте алушының жеке басын куәландырушы құжат нотариат арқылы куәландырылады.

Алушының өтініші пошта байланысы арқылы жолданған жағдайда, алушының жеке басын куәландырушы құжаттың көшірмесі мен өтініштегі қолы нотариат арқылы куәландырылады.

Зейнетақы қоры зейнетақы төлемдерін алушының өтінішінде көрсетілген банк шотына аударады. Егер алушының шоты Қазақстан аумағында жұмыс істейтін екінші деңгейдегі банкте/жекелеген банк операцияларын орындайтын ұйымда ашылса, зейнетақы төлемдері ұлттық валюта – теңгемен аударылады. Ал егер алушының шоты Қазақстан аумағынан тыс жердегі шетелдік банктерде ашылған болса, АҚШ долларымен, евро, фунт стерлинг немесе ресейлік рубльмен аударылады.

БЖЗҚ-ның www.enpf.kz веб-сайтында БЖЗҚ-ға ұсыну тәсіліне қарай құжаттар тізбесі (өзі келіп өтініш жасау, пошта байланысы/үшінші тұлға арқылы), оларды рәсімдеуге қатысты талаптар, өтініш бланкалары мен оларды төлем валютасының түріне қарай толтыру үлгілері, уәкілетті мемлекеттік органдардың түсіндірмелері орналастырылған және олар үнемі жаңартылып отырады.

Егер шетелдік паспортты алу барысында алушының жеке деректемелері, нақты: тегі, есімі, әкесінің аты (әкесі бар болса) немесе туған күні өзгеретін болса, Қорға жоғарыда аталған құжаттарға қоса төменде көрсетілген құжаттардың түспнұсқасы немесе нотариат куәландырған көшірмесі ұсынылуы тиіс:

1) Қазақстан Республикасының уәкілетті органының анықтамасы;

2) шетелдік мемлекеттің уәкілетті органының анықтамасы;

3) тегі/есімі/әкесінің аты өзгергені туралы куәлік/анықтама;

4) некені қию/бұзу туралы куәлік.

Бұл құжаттар шетелдік құжаттарды рәсімдеу талаптарына сай жасалуы және жоғарыда аталған төрт деректеменің өзгергендігін растауы тиіс.

Еске саламыз, Минск және Кишинев конвенциясына сәйкес ТМД елдерінен келген құжаттар заңдастырусыз және апостиль мөрін қоюсыз қабылданады.

 

  1. Менің зейнетке шыққаныма екі жыл болды. Таяуда жұмыс берушімнің зейнетақы қорындағы шотыма міндетті зейнетақы жарналарын аударғаны туралы құжат тауып алдым. Енді Қордағы бұл жинақ ақшаны қалай алуға болады?

2018 жылдың қазанында зейнетақы қызметтерінің сапасы мен қолжетімділігін арттыру мақсатында зейнетақы төлемдерін «Бір терезе» қағидасы бойынша жүзеге асыру үшін Композиттік қызмет іске қосылды. Соған сәйкес зейнет жасына толған азаматтар мемлекеттік зейнетақылар (ортақ және базалық зейнетақы) мен зейнетақы қорындағы жинақтары есебінен берілетін төлемдерді «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясының Халыққа қызмет көрсету орталығында рәсімдейді. Бұған дейін жинақ ақшасы есебінен төлемдерді алу үшін Қорға жүгінетін.

Сіз бюджеттен алатын зейнетақыларыңызды рәсімдеп, Қор төлемдері бойынша өтініш жасамағансыз. Енді БЖЗҚ төлемдерін алу үшін Халыққа қызмет көрсету орталығына жүгініп, өтініш беруіңіз керек. Оған қоса жеке басыңызды куәландыратын құжаттың көшірмесі мен салыстыру үшін түпнұсқасын және банк шотыңыз туралы мәлімет ұсынасыз. Сонда зейнетақы жинақтарыңыз есебінен төлемдерді мемлекеттен алатын зейнетақымен бір мезгілде алып отыратын боласыз.

 

  1. Осыдан екі апта бұрын Талдықорған қаласынан Алматы қаласына көшу барысында БЖЗҚ-дан берілген зейнетақы туралы шартты жоғалтып алдым. Оны қалай қалпына келтіруге болады? Оған енді жаңа мекенжайымды енгізуім керек пе?

Қазіргі уақытта Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттың орнына жеке зейнетақы шотын (ЖЗШ) ашу туралы  өтініштің көшірмесі (телнұсқасы) беріледі. Оны алудың екі жолы қарастырылған:

1) Қордың жергілікті бөлімшесіне жеке басыңызды куәландыратын құжатпен өзіңіз келіп ЖЗШ ашу жөніндегі өтініштің көшірмесін алуға өтініш білдіресіз. Қор бөлімшелерінің мекенжайлары оның ресми сайтында көрсетілген.

2) Қордың enpf.kz ресми сайтының «Жеке кабинет» бөлімі арқылы «ЖЗШ шоттар жөнінде анықтама алу/ЖЗШ шотын ашу туралы өтініш/жаңа редакциядағы зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт» нысанынан  электрондық цифрлық қолтаңбаның (ЭЦҚ) өзекті кілті арқылы алуға болады. Сонымен қатар өтініштің көшірмесін Қор сайтының «Жеке кабинет» бөлімі арқылы логин және құпия сөздің (пароль) көмегімен де алуға болады. Қазір логиннің орнына жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН) пайдаланылады.

Мекенжайдың өзгеруіне қатысты айтарымыз, салымшы Қордың өз міндеттемелерін орындауына әсер ететін барлық өзгерістер жайлы Қорға он жұмыс күні ішінде хабарлауға міндетті.

Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндеттемелерін орындауына әсер ететін өзгерістер: БЖЗҚ дерекқорында көрсетілген мекенжайдың, электрондық поштаның (e-mail), ұялы телефонның нөмірі, сондай-ақ зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы өтініште көрсетілген банк деректемелерінің өзгеруі.

Өзгерістер туралы Қорға жеке басын куәландырушы құжатпен барғанда; пошта байланысы немесе электрондық пошта (жеке басын куәландырушы құжаттың көшірмесін қоса отырып, тегін, есімін, әкесінің атын (бар болса) туған күнін, жеке сәйкестендіру нөмірін (ЖСН) көрсетеді) арқылы хабарлай алады. Не болмаса электрондық цифрлық қолтаңбаны қолдана отырып (ЭЦҚ) www.enpf.kz сайтының Жеке кабинеті және «Электрондық қызмет көрсету» бөлімі арқылы өзгерте алады.

 

  1. Мен банктен кредит алған едім. Қазір төлеу мерзімін өткізіп алдым. Банк сотқа арызданбақшы. Менің білгім келетіні, жеке зейнетақы шотымдағы қалдық ақша мен оның қозғалысы туралы анықтама кімдерге беріледі?

БЖЗҚ «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» ҚР Заңының 57-бабына сәйкес зейнетақы жинақтарының құпия сақталуына кепілдік береді. Бұл ретте зейнетақы жинақтарының құпиясы салымшының өзіне және оның заң бойынша рәсімдеген жазбаша келісімі бойынша кез келген үшінші адамға ашылуы мүмкін.

Сонымен жеке зейнетақы шоттарындағы ақша сомасы және оның қозғалысы туралы анықтамалар:

1) анықтау және алдын ала тергеу органдарына – олардың жүргiзуіндегі қылмыстық iстер бойынша;

2) соттарға – сот ұйғарымының негiзiнде олардың жүргізуіндегі iстер бойынша;

3) сот орындаушыларына – сот орындаушысының прокурор санкциялаған

қаулысы негізінде олардың жүргізуіндегі атқарушылық құжаттар бойынша;

4) мемлекеттік кіріс органдарына – міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеуге, ұстап қалуға (есебіне жазуға) байланысты мәселелер бойынша;

5) уәкілетті органға – салымшының (алушының) өтінішіне байланысты не оның Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының қызметіне тексеруді жүзеге асыруына байланысты туындаған мәселе бойынша;

6) прокурорға – оның қарауындағы материал бойынша өзінің құзыретi шегіндe тексеру жүргiзу туралы қаулы негiзiнде;

7) қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органға;

8) салымшының (алушының) өкілдеріне – нотариат куәландырған сенiмхат немесе сот шешімінің негiзiнде;

9) Мемлекеттік корпорацияға (Халыққа қызмет көрсету орталығы) – салымшының (алушының) өтініші негізінде мемлекеттік қызметтер көрсету үшін;

10) орталық атқарушы органға – салымшының (алушының) өтінішіне байланысты туындаған мәселе бойынша;

11) Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының, ерікті жинақтаушы зейнетақы

қорының жыл сайынғы мiндеттi аудитiн жүргiзетiн аудиторлық ұйымдарға берілуі мүмкін.

Ал зейнетақы жинақтарының құпиясын құрайтын мәліметтерді жоғарыда аталған жағдайларды қоспағанда, жария етуге құқығы жоқтар жария еткені үшін жауапқа тартылады. Сонымен қатар қайтыс болған салымшылардың заң бойынша немесе өсиет бойынша мұрагерлері мұра қалдырушының зейнетақы шотының бар болуы, онда қанша ақша бар екендігі және оның қозғалысы туралы анықтаманы Қорға  жазбаша сауал жолдау арқылы алуға құқы бар. Бірақ бұл үшін оларда Мұрагерлік құқығы туралы куәлігі болуы керек. Бұдан басқа мұндай анықтама соттарға да олардың жүргізуіндегі мұрагерлік істер бойынша беріледі.

Тағы бір айта кететін жәйт, салымшы (алушы) қайтыс болған жағдайда жеке зейнетақы шотының бар-жоғы туралы, ондағы ақшаның қалдықтары мен қозғалысы туралы анықтамалар нотариустарға және шетелдiк консулдық мекемелерге олардың жүргізуіндегі мұрагерлiк iстер бойынша беріледi.

 

  1. Менің атам кәрілік салдарынан ақыл-есін жоғалту ауруына шалдығып, ауруханада жатыр. Мен оның қамқоршысымын. БЖЗҚ-дан оның шоты бойынша үзінді көшірме алсам деп едім. Бұл үшін құжаттар тапсыру керек?

Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 26-бабына сәйкес психикалық аурулар немесе кемақылдылық салдарынан өз әрекетінің мәнін түсінбейтін немесе өзін басқара алмайтын азаматты сот іс-әрекетке қабілетсіз деп тануы мүмкін. Осыған байланысты оған қамқоршы тағайындалады. Ол іс-әрекетке қабілетсіз адамның атынан мәміле жасауға құқылы. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан салымшы мен алушының (инвестициялық табысты ескере отырып) зейнетақы жинақтары туралы ақпарат мына құжаттар ұсынылған жағдайда беріледі:

1) әрекет етуге қабілетсіз/әрекет ету қабілеті шектеулі кәмелетке толған адамның жеке басын куәландырушы құжат (түпнұсқа);

2) заңды өкілдің жеке басын куәландырушы құжат (түпнұсқа);

3) заңды өкілдің мәртебесін растайтын құжат (түпнұсқа).

 

 

5 сұрақ айдары

 

  1. Мен таяуда жұмыстан шығып, «Болашақ» бағдарламасы бойынша магистратураға түстім. Мен бұл жағдайда зейнетақы жарнасын төлеймін бе?

Жоқ, төлеуге міндетті емессіз. Міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеу, ұстап қалу (есебіне жазу) және Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аудару қағидалары мен мерзімдеріне сәйкес білім алу ұйымдарынан берілетін шәкіртақылардан, ҚР Үкіметі бекіткен мемлекеттік атаулы шәкіртақылардан және ҚР Президентінің арнаулы шәкіртақыларынан міндетті зейнетақы жарналары ұсталмайды және Қорға аударылмайды.

 

  1. Қайырлы күн! Менің жолдасым Өзбекстан азаматы. Бірақ Қазақстанда тұрақты тұрамыз. Осы жерде жұмыс істеп жатырмыз. Жолдасым Қазақстанның азаматы болмаса да кейін зейнетақыдан құралақан қалмас үшін осы бастан зейнетақы қорына жарна аудара ала ма?

Әрине, Сіздің жұбайыңыз Қазақстанның зейнетақы жүйесіне қатысуға құқылы. «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес елімізде тұрақты тұратын шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдар Қазақстан азаматтарымен бiрдей зейнетақымен қамсыздандырылу құқығын пайдаланады. Бұл ретте жұмыс берушіге жеке басты куәландыратын құжатты (шетелдіктер үшін – шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхат, ал азаматтығы жоқ адамдарға – азаматтығы жоқ адамның куәлігі) ұсынса болғаны, жұмыс беруші күйеуіңіздің жеке зейнетақы шотына зейнетақы жарналарын аудара бастайды.

 

  1. Мен зейнетақы қорындағы жеке шотымның жай-күйі бойынша ақпаратты қалай алуыма болады?

Қазіргі уақытта зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпаратты алудың бірнеше тәсілі бар. Сіз салымшы ретінде өзіңізге ыңғайлысын таңдай аласыз.

Мысалы, ақпаратты электрондық поштаңызға алуыңызға болады (бұл үшін «БЖЗҚ» АҚ кеңсесіне барып, жазбаша өтініш қалдыру керек).

Ең ыңғайлы және ұтқыр тәсіл –  бұл ақпаратты www.enpf.kz сайтындағы Жеке кабинет арқылы алу. Егер Сіздің логин мен пароліңіз немесе электрондық цифрлық қолтаңбаңыз бар болса, үйден немесе жұмыс кеңсесінен шықпай-ақ жеке шотыңыздың жай-күйін қадағалап тұруыңызға болады. Сонымен қатар смартфондар мен планшеттерге арналған ұялы қосымшаны пайдалануға  мүмкіндік бар.

Егер ақпаратты «БЖЗҚ» АҚ мамандарынан алғыңыз келсе тіпті жақсы – Қордың бүкіл республика бойынша дербес қызмет көрсету орталықтары жұмыс істейді. Солардың біріне барып, жеке зейнетақы шотыңыздың жай-күйі туралы ақпаратты және Қор мамандарына сұрақ қойып, толыққанды жауаптар ала аласыз.

Олардан басқа, зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартта немесе жеке зейнетақы шотын ашу туралы өтініште ақпаратты алу тәсілі ретінде пошта байланысы көрсетілген болса, үзінді көшірме салынған хат әрбір жылдың басында сол пошта байланысы бойынша үйіңізге жеткізіледі.

 

  1. Осыдан екі ай бұрын немере ағам жол-көлік апатынан көз жұмды. Оның зейнетақы қорында жинақ ақшасы болуы мүмкін. Егер бар болса оны қалай алуға болады?

Жеке зейнетақы шотындағы ақша салымшының (алушының) меншігі болып табылады және ол қайтыс болған жағдайда да «БЖЗҚ» АҚ-та мерзімсіз сақтала береді. Қайтыс болған салымшылардың заң немесе өсиет бойынша мұрагерлері мұра қалдырушының зейнетақы шотының бар болуы, онда қанша ақша бар екендігі және оның қозғалысы туралы анықтаманы Қорға  жазбаша сауал жолдау арқылы алуға құқы бар. Бірақ бұл үшін оларда Мұрагерлік құқығы туралы куәлігі болуы керек. Бұдан басқа мұндай анықтама соттарға да олардың жүргізуіндегі мұрагерлік істер бойынша беріледі.

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы зейнетақы жинақтары өсиет бойынша және «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» ҚР Заңының 31-33 – баптарына сәйкес мұраға қалдырылады. Зейнетақы жинақтары бар адам қайтыс болған жағдайда, Қор қажет жағдайда (қанша уақыт өтсе де) оның отбасына немесе жерлеуді ұйымдастырған адамға жерлеуге арналған біржолғы төлем төлейді. Бұл төлем 1998 жылдан бері жүзеге асырылып келеді және оның көлемі әр жылдары әрқалай болып келді. Ал биыл оның сомасы тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 52,4 еселенген мөлшерінде (2525*52,4 = 132 310 теңге) белгіленген.

Бірақ бұл сома жеке зейнетақы шотында жатқан қаражаттан аспауы тиіс. Егер жерлеуге арналған біржолғы төлемнен кейін шотта қалған ақшаның сомасы ең төмен зейнетақы мөлшерінен (биыл: 36 108 теңге) аспайтын болса, онда бұл қалдық жерлеуге арналған бір жолғы төлемге қосылып төленеді. Заң бойынша жерлеуге арналған төлем 5 (бес) жұмыс күні ішінде алушының банк шотына аударылады.

Жерлеуге арналған біржолғы төлемді алу үшін мынадай құжаттар талап етіледі: зейнетақы жинақтары бар қайтыс болған адамның отбасы мүшесінің немесе жерлеуді жүзеге асырған тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі және салыстыру үшін түпнұсқасы, зейнетақы жинақтары бар адамның қайтыс болғаны туралы куәліктің көшірмесі және салыстыру үшін түпнұсқасы және алушының банк шоты туралы мәліметтер.

Ал зейнетақы қорында жерлеуге арналған біржолғы төлемнен кейін қалған зейнетақы жинақтарын алу үшін Мұрагерлік құқығы туралы куәлік қажет. Оны алу үшін мұрагер нотариусқа жүгініп, өтініш береді.

 

  1. Зейнетақы қорында менің ерікті жарналар есебінен жинақ ақшам бар. Оны зейнет жасына жетпей ала аламын ба?

Ерікті зейнетақы жинақтарының артықшылығы сол, оны зейнет жасына толғанға дейін, яғни – 50 жастан бастап ала беруге болады.

«БЖЗҚ» АҚ-тан ерікті жарналар есебінен қалыптасқан жинақтарды алу үшін мынадай құжаттар ұсынылады:

  • алушының жеке басын куәландырушы құжаттың көшірмесі және оны салыстыру үшін түпнұсқасы;
  • алушының банк шоты туралы мәліметтер.

Атап өту керек, салымшылардың бұл тобына мүгедек болып табылатын және

Қазақстаннан тыс жерлерге тұрақты тұруға кететiн немесе кеткен және кету ниетiн немесе дерегін растайтын құжаттарды ұсынған шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар қосыла алады.

Еске саламыз, Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 326-бабының талаптарына сәйкес БЖЗҚ-дан жүзеге асырылатын зейнетақы төлемдері салық салуға жататын табысқа жатады.

 

 

 

Жинақтаушы зейнетақы жүйесі туралы 5 сұрақ

 

Менің азық-түлік дүкенім бар. Зейнетақы жарналарын өзімнің және жұмыскерлерімнің пайдасына қалай аударамын?

Міндетті зейнетақы жарналарын заңды тұлғалардың, жеке кәсіпкерлердің, жеке практикамен айналысушылардың және басқа да адамдардың пайдасына аудару мерзімі мен тәртібі ҚР заңнамасында көрсетілген.

Егер Сіз жеке кәсіпкер ретінде жұмыс істейтін болсаңыз, міндетті зейнетақы жарналарын өз қарамағыңыздағы қызметкерлеріңіздің зейнетақы шотына табыстар төленген айдан кейінгі айдың 25-інен кешіктірмей төлеуіңіз қажет. Ал өз пайдаңызға аударылатын жарнаны – есептегі айдан кейінгі айдың 25-інен кешіктірмей төлейсіз.

Арнайы салық режимін патент негізінде қолданатын жеке кәсіпкерлер міндетті зейнетақы жарналарын патент құнын төлеуге арналған мерзімде аударады. Бұл ретте салық кезеңі – бір күнтізбелік жыл. Демек, міндетті зейнетақы жарналары жылына бір рет патент алғанға дейін төленеді. Толығырақ БЖЗҚ сайтының «Қызметтер»-«Зейнетақы жарналарын қалай жүзеге асырады» бөлімінен оқи аласыз.

 

Мен өзімді-өзім жұмыспен қамтушымын. Ерікті зейнетақы жарналарын аудара аламын ба? 

Сіз жеке тұлға ретінде ерікті жарналарды өз табысыңыздың есебінен өз пайдаңызға немесе үшінші тұлғаның пайдасына аудара аласыз. Сәйкесінше ерікті жарналар өзіңіздің және үшінші тұлғаның зейнетақы капиталын толықтыруға мүмкіндік береді. Бұл ретте ерікті жарналардың мөлшерін, оларды аудару және Қордан алу тәртібін Қормен өзара келісе отырып өзіңіз белгілейсіз.

Айта кетелік, айлық табысыңызға қарай ерікті зейнетақы жарналарының мөлшері ай сайын өзгеріп тұруы мүмкін. Ерікті жарналарды өзіңіз төлеуіңіз қажет. Бұл үшін БЖЗҚ-мен зейнетақы шартын жасасып, ерікті жарналарды Қордың шартта көрсетілген деректемелеріне банк арқылы аударып тұрасыз.

Қазіргі кезде ерікті жарналар бойынша шот ашудың екі жолы бар. Бірі – жеке басты куәландыратын құжатпен Қор бөлімшесіне келу арқылы, екіншісі – үйде отырып-ақ, Қордың ресми сайты арқылы ашу. Соңғысы өткен жылдың шілде айында іске қосылған. Бұл қызметті пайдалану үшін электрондық цифрлық қолтаңба қажет. Ал оны Халыққа қызмет көрсету орталығы (ХҚО) береді. Бұл туралы толық ақпаратты Қор сайтынан оқи аласыз.

 

Мен фрилансермін. Екі-үш тапсырыс берушімен азаматтық-құқықтық сипатта шарт жасасқанмын. Енді зейнетақы қорына міндетті зейнетақы жарналарын қалай төлеуге болады?

Егер Сіз салық агенттерімен азаматтық-құқықтық сипатта шарт жасасу арқылы жұмыс атқаратын болсаңыз, Сіз үшін міндетті зейнетақы жарналарын Қорға осы салық агенттері төлейді. Ал салық агенттері деген кімдер? Олар: заңды тұлғалар, жеке кәсіпкерлер, жеке практикамен айналысатын жеке нотариустар, жеке сот орындаушылары, адвокаттар және кәсіби медиаторлар болуы мүмкін. Бұл ретте жарналар мен шарттардың санына шектеу қойылмайды: егер үш шартыңыз болса, жарналар сол үш шартыңыз бойынша түседі.

Ал егер салық агенті болып табылмайтын жеке тұлғалармен азаматтық-құқықтық сипатта шарт жасасқан болсаңыз, онда Сіз осы шарт бойынша алған табысыңыздан Қорға зейнетақы жарналарын төлеуден босатыласыз. Бірақ бұл жарналарды Қорға өз еркіңізбен төлеуге құқыңыз бар. Бұл қомақты зейнетақы жинақтарын қалыптастыруға оң әсер етеді. Яғни, еңбек өтіліңіз үздіксіз жүріп отырады. Ал бұл базалық зейнетақыны жоғары мөлшерде алуға мүмкіндік береді. Жарналар екінші деңгейдегі банктер немесе Қазпошта арқылы төленеді.

 

Бірыңғай жиынтық төлемді төлей бастадым. Бірақ бірнеше айды жіберіп алдым. Мен енді осы ағымдағы айда бірыңғай төлемді өткен айлар үшін төлей аламын ба?

Жоқ, бірыңғай жиынтық төлемді ағымдағы ай мен алдағы айлар үшін ғана төлеуге болады.

Жеке тұлғалар бұл төлемді өз бетімен екінші деңгейдегі банктер және жекелеген банк операцияларын орындайтын ұйымдар немесе Қазпошта арқылы қолма-қол ақшамен немесе банктегі шоты арқылы Мемлекеттік корпорацияның банк шотына аударады.

Төлеушілердің бірыңғай жиынтық төлемін төлеуді олар өз бетінше немесе үшінші жақтың пайдасына жасайды, бұл бірыңғай жиынтық төлемді төлеудің «ММЖЖЖ» форматында көрсетілген мерзімін көрсете отырып жүзеге асырылады.

 

Адвокаттық практикамен айналыса бастадым. Адвокаттар міндетті зейнетақы жарналарын өз пайдасына қандай мөлшерде аударулары тиіс?

Адвокаттар, жеке сот орындаушылары, жеке нотариустар, кәсіпқой медиаторлар және жеке кәсіпкерлер міндетті зейнетақы жарналарын өз пайдаларына өз бетімен аударып отырады. Бұл ретте міндетті зейнетақы жарналары алынатын табыстың 10 пайызы мөлшерінде, бірақ ең төменгі жалақы мөлшерінің 10 пайызынан кем емес және 50 еселенген мөлшерінің 10 пайызынан жоғары емес мөлшерде белгіленеді. Жарна үшін есептелетін табысты олар өз бетімен айқындайды.

Табыс болмаған жағдайда, Сіз тиісті қаржы жылына белгіленген ең төменгі жалақы мөлшерінің 10 пайызы есебімен өз пайдаңызға міндетті зейнетақы жарналарын төлеуге құқылысыз.

 

 

 

 

«Бес сұрақ» айдары

                                                    08.05.2019 ж.

Мен таяуда декреттік демалысқа шықтым. Осыған байланысты жұмыс беруші менің зейнетақы қорындағы шотыма әрі қарай зейнетақы жарналарын төлей ме? Бұдан басқа, бала күтімімен үйде отырған әйелдерге бюджет есебінен субсидия бөлінетіндігін естідім. Осы рас па?

 

«Субсидия» деген сөз мемлекет тарапынан ақшалай көмек көрсетіледі дегенді білдіреді. Бұл жерде әңгіме «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айрылған жағдайда төленетін әлеуметтiк төлемдерді алушыларға міндетті зейнетақы жарналарын субсидиялау қағидаларымен» бекітілген және бала күтімімен үйде отырған аналарға қолдау көрсету үшін енгізілген.

Міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) бюджет есебінен субсидияланады және әлеуметтік төлемдерді алушылардың пайдасына Қорға ай сайын төленеді. Яғни, бала бір жасқа толғанға дейін жеке зейнетақы шотына  бюджет және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры есебінен «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы арқылы ай сайын зейнетақы жарналары аударылады.

Мемлекеттік субсидия үшін құжат жинап, табалдырық тоздырып, өтініш берудің керегі жоқ. Ол бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты жәрдемақыны төлеу барысында есептеліп, зейнетақы шотына автоматты түрде аударылады.

 

Бала күтіміне байланысты декреттік демалыстағы әйелдер үшін бөлінетін бюджеттік субсидияны ескере отырып, ай сайын аударылатын зейнетақы жарнасының мөлшерін қалай есептеуге болады?

Қазақстан Республикасының міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы заңнамасына сәйкес міндетті зейнетақы жарналарының (МЗЖ) жиынтық мөлшері әлеуметтік аударымдарды есептеу нысаны ретінде есепке алынған табыстың 10 пайызын құрайды. Бұл ретте әрине, бюджеттік субсидия мен бала бір жасқа толғанға дейін күтіміне байланысты әлеуметтік төлемдерден ұсталатын МЗЖ ескеріледі. Мысалы, жалақы табыс ретінде қаралуы мүмкін. Бірақ оның көлеміне қатысты шектеу бар. 2019 жылдан бастап әлеуметтік аударымдарды есептеу көзі ретінде алынатын ай сайынғы табыстың мөлшері ең төменгі жалақының 7 еселенген мөлшерінен аспауы тиіс (42500*7= 297 500 теңге).

Зейнетақы шотына аударылатын ай сайынғы бюджеттік субсидияның мөлшері – әлеуметтік аударымдарды есептеу нысаны ретінде алынған орташа айлық табыстан есептелетін МЗЖ мен бала күтіміне байланысты Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (Қор) берілетін әлеуметтік төлемдерден ұсталатын МЗЖ арасындағы айырма сомасы ретінде белгіленеді. Осылайша, әлеуметтік аударымдарды есептеу нысаны ретінде алынған орташа айлық табыстың 10 пайызының 4 пайызы бала күтіміне байланысты Қордан берілетін әлеуметтік төлемдердің есебінен, ал 6 пайызы бюджет есебінен төленеді.

Мысалы, әлеуметтік аударымдарды есептеу нысаны ретінде алынған орташа айлық табыс, яғни жалақы – 100 000 теңге делік. Бұл жағдайда, Қордан бала бір жасқа толғанға дейінгі күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайда төленетін ай сайынғы әлеуметтік төлемнің мөлшері – 40 000 теңге (орташа айлық табыстың 40 пайызы) болады. Сәйкесінше әлеуметтік төлемдер есебінен аударылатын МЗЖ – 4 000 теңге.

Субсидияның есептелген мөлшері (СУБ – міндетті зейнетақы жарналарының

ай сайынғы бюджеттік субсидия мөлшері):

СУБ = (100 000 * 10%) — (40 000 *10%) = 6 000 теңге

Осы есептеулерге сәйкес ай сайынғы міндетті зейнетақы жарналарының мөлшері – 10 000 теңге болады. Демек аналардың зейнетақы шотына республикалық бюджеттен жылына 72 000 теңге аударылады.

Осылайша, декретке дейін жұмыс істеген және жүктілік бойынша демалысқа шыққан әйелдерге баласы бір жасқа толғанша зейнетақы шотына орташа ай сайынғы табыстың 10 пайызы түсіп отырады.

 

Менің еңбек өтілім өте аз. Жұмыс істеуге ұзақ уақыт мүмкіндігім болмады. Енді мен болашақта қандай зейнетақыға үміт арта аламын?

2018 жылдың 1 шілдесінен бастап базалық зейнетақы жаңа әдістеме бойынша тағайындалып жатыр. Оған дейін базалық зейнетақы барлық зейнеткерге бірдей мөлшерде төленіп келді. Енді оны тағайындарда зейнеткердің зейнетақы жүйесіне қатысу өтілі ескеріледі. Егер ол жоқ немесе 10 жылға дейін болса, онда базалық зейнетақы ең төменгі күнкөріс деңгейінің 54 пайызын құрайды. 2019 жылы бұл сома – 16 037 теңгені құрайды. 10 жылдан асқан әрбір жыл үшін базалық зейнетақының көлемі ең төменгі күнкөріс деңгейінің 2 пайызына ұлғайтылып отырады. Ал 33 жыл және одан көп болса, онда базалық зейнетақы ең төменгі күнкөріс деңгейінің 100 пайызына тең.

2019 жылы ең төменгі күнкөріс деңгейінің көлемі 29 698 теңге.

Егер 1998 жылдың 1 қаңтарына дейін еңбек өтілі 6 айдан кем болмаса, онда ортақ зейнетақы да тағайындалады. Бұл ретте мемлекеттік бюджеттен төленетін жасына байланысты ортақ зейнетақы төлемдерiнiң мөлшерi 1995 жылғы 1 қаңтардан бастап (күні бүгінге дейінгі аралық) жұмыстағы үзiлiстерге қарамастан, қатарынан кез келген үш жыл iшiндегi орташа айлық табыстың негізінде есептеледі.

Әрине, жиынтық зейнетақының басым бөлігін жинақтаушы зейнетақы басуы керек. Егер қандай да бір себеппен міндетті зейнетақы жарналары төленбеген болса, оны ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) есебінен де  толықтыруға болады.

Жеке тұлға бұл жарналарды өз табысы есебінен үшінші бір тұлғаның атына да аудара алады. Бұл жағдайда үшінші тұлға да жеке басын куәландыратын құжатпен Қорға келуі тиіс. Қажет жағдайда салымшы мен алушының орнына олар сенім білдірген тұлға да нотариат куәландырған сенімхат негізінде өтініш бере алады.

Айта кетелік, кәмелетке толмаған тұлғалардың да ерiктi зейнетақы жарналары бойынша шот ашуға мүмкіндігі бар. Бұл ретте шартқа кәмелетке толмаған тұлғаның атынан оның заңды өкілі қол қояды.

Заңды тұлғалар да өз кезегінде жеке тұлғалардың, мысалы өз қызметкерлерінің атына ерікті зейнетақы жарналарын аударуға құқылы. Олар әдетте мұны қол астындағы мамандарды еңбекке ынталандыру мақсатында жасайды. Заңды тұлғалар ұсынатын құжаттар топтамасы enpf.kz сайтында орналастырылған.

 

Мен шетелге қоныс аудармақпын. Зейнетақы жинақтарымды қалай алуға болады? Оның жолдары қандай?  

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы зейнетақы жинақтары заңнамада көрсетілген жағдайлар туындаған кезде ғана беріледі. «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сәйкес Қазақстаннан тыс жерлерге тұрақты тұруға кеткен, кету дерегін растайтын құжаттарды ұсынған шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдардың мiндеттi зейнетақы жарналары мен міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақы төлемдерiн бір мезетте алуға құқығы бар. Бұл ретте бір айта кететін жәйт, басқа елдің азаматтығын алмас бұрын, заң талаптарына сәйкес шетелге кетуге қатысты құжаттарды ресми түрде рәсімдеу керек. Басқа елдің азаматтығын алып болған соң ғана, БЖЗҚ-ға келіп құжаттарды ұсынуға болады. Сонымен қатар, Қазақстаннан шетелге тұрақты тұруға кететiн немесе кеткен шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың, кету ниетiн немесе дерегін растайтын құжаттарды ұсынған жағдайда ерiктi зейнетақы жарналары есебiнен қалыптасқан жинақтарын алуға да құқылы.

Осылайша БЖЗҚ заң талаптарына сәйкес қажетті құжаттарды қабылдаған соң, 10 жұмыс күні ішінде зейнетақы жинақтарын төлеуді жүзеге асырады.

Толық ақпарат enpf.kz сайтында көрсетілген.

 

Таяуда екінші топтағы мүгедектік алдым. Соған байланысты лайықты ем қабылдау үшін зейнетақы жинақтарын алуға құқы бар ма?  

«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заңға сәйкес Қордан зейнетақы төлемдері бiрiншi және екiншi топтардағы мүгедектігі мерзiмсiз болып белгiленген жандарға да төленеді. БЖЗҚ зейнетақы төлемдерін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тәртіпте жүзеге асыруға міндетті. Бұл тәртіп, оның ішінде Қордан бекітілген тәртіп бойынша зейнетақы төлемдерінің жылдық сомасын есептеу «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 2 қазандағы №1042 қаулысымен бекітілген, Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптасқан зейнетақы жинақтарынан зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру қағидаларында» бекітілген. Осылайша, егер екінші топтағы мүгедектік мерзімсіз болып бекітілсе, Сіз Қордан зейнетақы төлемдерін бекітілген кесте бойынша ай сайын ала аласыз.

 

 

15.04.2019 ж.

5 сұрақ

 

  1. Зейнетақы шотын ашу үшін не істеу керек?

2019 жылдың 8 қаңтарынан бастап БЖЗҚ-да міндетті зейнетақы жарналарын (МЗЖ) есепке алу бойынша жеке зейнетақы шотын (ЖЗШ) ашу үшін жеке тұлғаға ЖЗШ ашу жөніндегі өтінішті рәсімдеу үшін БЖЗҚ-ға, оның ішінде Қордың веб-сайты арқылы жүгінудің қажеті жоқ. Енді жеке тұлғаның БЖЗҚ-да МЗЖ есепке алу бойынша ашылған зейнетақы шоты жоқ болса, алғашқы жарна келіп түскен кезде зейнетақы шоты Қордың ақпараттық жүйесінде автоматты түрде ашылады.

Бұл ретте жеке тұлға МЗЖ аудару кезінде төлем тапсырмасының электрондық форматында көрсетілген дербес деректер (тегі, аты, әкесінің аты, жеке сәйкестендіру нөмірі, туған күні) бойынша сәйкестендіріледі. Ал жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың деректемелері бойынша қажетті мәліметтерді Қор мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінен алатын болады.

 

  1. Инвестициялық табыс деген не және ол қалай есептеледі?

Инвестициялық табыс салымшылар мен алушылардың шоттарына күн сайын есептеледі. Оның көлемі шоттағы жинақ ақшаның сомасына және оған түсетін жарналардың мөлшеріне және олардың тұрақты аударылуына тәуелді.

Инвестициялық табысты есептеу шартты зейнетақы бірлігінің (ШЗБ) құнына байланысты. Әрбір жеке зейнетақы шотындағы зейнетақы жинақтары теңгеде және шартты зейнетақы бірлігінде есепке алынады. Зейнетақы шотына түскен әрбір зейнетақы жарнасының сомасын Қордағы шартты зейнетақы бірлігіне бөлу арқылы ШЗБ саны есептеп шығарылады. Мысалы, Сіздің жеке зейнетақы шотыңызға 10 000 теңге көлемінде зейнетақы жарнасы келіп түсті делік. 2019 жылдың 20 ақпанына қарай ШЗБ құны – 748 теңге дейтін болсақ, Сіздің шотыңызға есептелетін ШЗБ саны 13,4 бірлік болады (10 000 теңге/ 748 теңге).

Ал 2019 жылдың 21 ақпанындағы жағдай бойынша ШЗБ құны 750 теңге болды делік. Бұл ретте шотқа есептелген инвестициялық табыс ескерілді. Енді осы күнгі ШЗБ санын есептеп шығару керек. Сіздің шотыңызға есептелген ШЗБ саны ШЗБ-ның ағымдағы құны негізінде былайша қайта бағаланады: 13,4 ШЗБ * 750 теңге = 10 050 теңге. Осылайша Сіздің зейнетақы жинақтарыңыз 2019 жылдың 21 ақпанына қарай 10 050 теңге болады. Бұл ретте зейнетақы жинақтары инвестициялық табыстан (50 теңге) және есептелген жарналардан (10 000 теңге) құралады.

Сонымен зейнетақы жинақтары инвестициялық табысты есептеуге байланысты көбейді. Соның арқасында ШЗБ құны 2 теңгеге артты (750 теңге – 748 теңге). Зейнетақы жинақтары мен инвестициялық табыстың мөлшері жарналардың сомасы мен аударылу кезеңіне тәуелді. Сондықтан жарналарды жеке зейнетақы шотына уақытылы және толық көлемде аудару өте маңызды мәселе.

 

  1. Ерікті зейнетақы жарналары бойынша зейнетақы шотын кімдер аша алады?

Қазақстанның кез-келген азаматы Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына ерікті зейнетақы жарналарын аудара алады. Ерікті зейнетақы жарналарының мөлшерлемесі, оларды төлеу, сондай-ақ, зейнетақы төлемдерін жасау тәртібі шарт тараптарының өзара келісімі бойынша белгіленеді. Бұл ретте жарналардың мөлшерінен гөрі, олардың тұрақты аударылғандығы маңызды. Ерікті зейнетақы жарналары есебінен қалыптасқан жинақтар болашақта Қордан қомақты мөлшерде зейнетақы төлемдерін алуға септігін тигізеді. Жеке тұлға бұл жарналарды өз табысы есебінен төлейді және өз атына немесе үшінші бір тұлғаның атына аудара алады. Бұл ретте заңды тұлғалар да жеке тұлғалардың, яғни өз жұмыскерлерінің атына ерікті зейнетақы жарналарын аударуға құқылы. Мұны көп жағдайда өздерінің қол астындағы мамандарын еңбекке ынталандыру мақсатында жасайды.

Кәмелетке толмаған тұлғалар да ерiктi зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасаса алады. Бұл ретте шарта кәмелетке толмаған тұлғаның атынан оның заңды өкілі қол қояды.

Салымшы ерікті зейнетақы жарналары есебінен шот ашу үшін Қорға өзі келген жағдайда жеке басын куәландыратын құжат тапсырады. Егер шарт үшінші тұлғаның пайдасына жасалатын болса алушы да Қорға келуі тиіс. Бұл ретте салымшының (алушының) заңды өкілі немесе оның орнына нотариат куәландырған сенімхат негізінде сенім білдірілген тұлға өтініш бере алады. Өз пайдасына ерiктi зейнетақы жарналарын аудару үшін салымшы (алушы) жеке басын куәландыратын құжат (түпнұсқа) тапсырса, үшінші адамның пайдасына шарт жасау үшін алушы да жеке басты куәландыратын құжат (түпнұсқа және көшірме) тапсырады. Заңды тұлғалар үшінші адамның пайдасына шарт жасасу үшін тиісті құжаттар топтамасын ұсынады. Қажетті құжаттар тізімі Қордың enpf.kz сайтында көрсетілген.

2018 жылдың шілдесінде Қор сайтының Жеке кабинеті және «Электрондық қызмет көрсету» бөлімінде жаңа қызмет іске қосылды. Ол – «Ерікті зейнетақы жарналары есебінен (өз пайдасына) зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасасу қызметі» деп аталады. Оны пайдалану үшін электрондық цифрлық қолтаңбаның өзекті кілті қажет. Сол арқылы тіркеліп, тиісті нысандарға қажетті деректер енгізіледі. Кейін осы электрондық цифрлық қолтаңбаның кілтімен қол қойылады. Бүкіл операция бірнеше минут уақытты ғана алады. Ерікті жарналар бойынша шотты сайт арқылы ашу – уақытты үнемдеуге мүмкіндік береді. Бір айта кететін жәйт, салымшылар Қор сайты арқылы шотты әзірге өз пайдасына ғана ашуға құқылы.

 

  1. Зейнетақы төлемдері қалай рәсімдеді?

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 9 қазандағы қаулысы негізінде «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптасқан зейнетақы жинақтарынан зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру қағидаларын және зейнетақы төлемдерінің мөлшерін есептеуді жүзеге асыру әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 2 қазандағы қаулысына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар бекітілді.

Осы күннен бастап зейнеткерлік жасқа толған азаматтар жасына байланысты зейнетақы төлемдері мен мемлекеттік базалық зейнетақы төлемдерін және Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) және міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) есебінен қалыптасқан зейнетақы төлемдерін алу үшін бірыңғай өтінім мен құжаттар топтамасын тек бір жерге – «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясының Халыққа қызмет көрсету орталығына (ХҚО) тапсырулары қажет.

Зейнетақы төлемдерін рәсімдеу жөніндегі өтініш негізінде алушыға (үнсіз келісім бойынша) мемлекеттік кепілдік бойынша айырма сомасын (инфляция деңгейін ескере отырып, зейнетақы жинақтарының сомасы және нақты енгізілген МЗЖ мен МКЗЖ сомасы арасындағы айырма) төлеуге қатысты алдын алу қызметі көрсетіледі. Яғни, бұл үшін бөлек өтініш берудің қажеті жоқ.

Қазіргі уақытта БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтары есебінен төлемдерді алу жөніндегі өтініштер мына тек жағдайларда ғана қабылданады:

  • шетелге тұрақты тұруға кетуге байланысты;
  • I және II топтардағы мүгедектік мерзімсіз болып белгіленген жағдайда;
  • жерлеуге және мұрагерлікке байланысты біржолғы төлемді жүзеге асырған жағдайда;
  • ерікті зейнетақы жарналары есебінен құралған жинақтарды алу құқығы туындаған кезде;
  • сақтандыру ұйымымен зейнетақы шартын жасасқан жағдайда.

 

Сонымен қатар БЖЗҚ-ның міндетті зейнетақы жарналары мен міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптасқан ай сайынғы зейнетақы төлемдерін есепке алу, есептеу және стратегиялық міндеттері сол өзгеріссіз күйінде қалады.

 

  1. Зейнетақы жинақтарының сақталуына мемлекет тарапынан қандай кепілдік берілген?

«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» ҚР Заңында зейнетақы жинақтарының сақталуына мемлекет тарапынан кепілдік берілетіндігі туралы бап 2003 жылы пайда болды. Бұл механизм 2009 жылдан бастап белсенді түрде жүзеге асырыла бастады. Өйткені осы кезеңде қаржы дағдарысы салдарынан зейнетақы активтерінің табыстылығы азайған болатын. Сонымен мемлекет зейнетақы жарналарының нақты енгізілген мөлшерінде сақталуына кепілдік береді. Мұнда мемлекеттік кепілдік бойынша біржолғы айырма төлемі есептеледі. Ол инфляцияны есепке ала отырып, зейнеткердің шотындағы бүкіл жинақтардың сомасы мен сол шотқа енгізілген бүкіл жарналардың сомасын өзара салыстырғанда айқындалатын айырма сомасы. Біржолғы айырма төлемін зейнеткерлік жасқа толған азаматтар, I және II топтардағы мүгедектігі мерзімсіз болып белгіленген жандар, шетелге тұрақты тұруға кеткен шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар және осы төлемді алуға құқығы бар адам қайтыс болған жағдайда, оның мұрагерлері алуға құқылы. Бұл ретте Қорда зейнетақы жинақтары бар, I және II топтардағы мүгедектігі мерзімсіз болып белгіленген %B

Egov