ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАР БӨЛІМІ

Талас ауданы бойынша аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету қағидаларын бекiту туралы

 

«Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңының 97-бабына және «Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 қаулысына сәйкес Талас аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Талас ауданы бойынша аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету қағидалары қосымшаға сәйкес айқындалсын.
  2. Талас аудандық мәслихатының келесі нормативтік құқықтық шешімдерінің күші жойылды деп танылсын:

1) «Тұрғын үй көмегін көрсету Қағидаларын бекіту туралы» Талас аудандық мәслихатының 2014 жылғы 20 ақпандағы № 27-2 шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 77872 нөмірімен тіркелген, 2014 жылғы 3 сәуірдегі Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған);

2) «Тұрғын үй көмегін көрсету Қағидаларын бекіту туралы» Талас аудандық мәслихатының 2014 жылғы 20 ақпандағы № 27-2 шешіміне өзгеріс енгізу туралы» Талас аудандық мәслихатының 2016 жылғы 10 қазандағы № 8-15 шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 107364 нөмірімен тіркелген, 2016 жылғы 18 қарашадағы Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған).

  1. Осы шешімнің орындалуын қадағалау Талас аудандық мәслихатының тұрғындарды әлеуметтік-құқықтық қорғау және мәдениет мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
  2. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Талас аудандық

мәслихатының сессия төрағасы

Талас аудандық

мәслихат хатшысы

 

Талас аудандық мәслихатының

2020 жылғы  №

шешіміне 1 қосымша

 

 

Талас ауданы бойынша аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету қағидаларын бекiту туралы

       Осы Талас ауданы бойынша аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету қағидаларын бекiту туралы (бұдан әрі-Қағида) «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңына және «Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 қаулысына сәйкес әзірленді.

  1. Тұрғын үй көмегін көрсету тәртібі
  2. Тұрғын үй көмегi жергiлiктi бюджет қаражаты есебiнен осы Талас ауданында тұрақты тұратын Қазақстан Республикасының аумағындағы жалғыз тұрғынжайы ретінде меншік құқығындағы тұрғынжайда тұрақты тіркелген және тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға), сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалға алған тұрғынжайды жалдаушыларға (қосымша жалдаушыларға):

1) жекешелендiрiлген тұрғын үй-жайларда (пәтерлерде) тұратын немесе мемлекеттiк тұрғын үй қорындағы тұрғын үй-жайларды (пәтерлердi) жалдаушылар (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға жұмсалатын шығыстарға;

2) тұрғын үйдің меншiк иелерi немесе жалдаушылары (қосымша жалдаушылары) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефонға абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуына;

3) жергiлiктi атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғын үй-жайды пайдаланғаны үшiн жалға алу төлемақысын төлеуге беріледі.

Аз қамтылған отбасылардың (азаматтардың) тұрғын үй көмегiн есептеуге қабылданатын шығыстары жоғарыда көрсетiлген бағыттардың әрқайсысы бойынша шығыстардың сомасы ретiнде айқындалады.

Тұрғын үй көмегі телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының, жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үй-жайды пайдаланғаны үшін жалға алу ақысының ұлғаюы бөлігінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерін тұтынуға арналған шығыстарға нормалар шегінде ақы төлеу сомасы мен отбасының (азаматтардың) осы мақсаттарға жұмсаған шығыстарының жергілікті өкілді органдар белгілеген шекті жол берілетін деңгейінің арасындағы айырма ретінде айқындалады.

  1. Тұрғын үй көмегі аталған жерлерде тұрақты тұратын адамдарға кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған шығыстар сметасына сәйкес жеткiзушiлер ұсынған кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған коммуналдық қызметтер көрсету ақысын төлеу шоттары мен ай сайынғы жарналардың шоттары бойынша бюджет қаражаты есебінен көрсетіледі.

Мүгедектерді, күндізгі оқу нысанында оқитын оқушыларды, студенттерді, тыңдаушыларды, курсанттар мен магистранттарды, екі айдан астам еңбекке уақытша қабілетсіздік мерзімі белгіленуі мүмкін ауруы бар адамдарды, үш жасқа дейінгі баланы, мүгедек баланы, бірінші және екінші топтағы мүгедектерді, бөгде адамның күтіміне және көмегіне мұқтаж, сексен жастан асқан қарттарды бағып-күтуді жүзеге асыратын адамдарды қоспағанда, Талас ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығында тіркелмеген жұмыссыз тұлғаларды, жұмысқа жарамды, бірақ жұмыс істемейтін адамдары бар аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегі тағайындалмайды.

  1. Тұрғын үй көмегі «Талас ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесімен (бұдан әрі – уәкілетті орган) тағайындалады.

3-1. Тұрғын үй көмегіне өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Жамбыл облысы бойынша филиалы Талас аудандық бөлімі (бұдан әрі – Бөлім) және «электронды үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі-портал) арқылы жүзеге асырылады.

3-2. Отбасы (азамат) (не нотариат куәландырған сенімхат бойынша оның өкілі) тұрғын үй көмегін тағайындау үшін Бөлімге немесе порталға тоқсанына бір рет жүгінуге құқылы.

3-3. Құжаттарды қарау және тұрғын үй көмегін көрсету туралы шешім қабылдау немесе көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беру мерзімі Бөлімнен құжаттардың толық топтамасын алған күннен бастап сегіз жұмыс күнін құрайды.

  1. Отбасы (азамат) (не нотариат куәландырған сенімхат бойынша оның өкілі) тұрғын үй көмегін тағайындау үшін Бөлімге және/немесе портал арқылы өтініш береді және мынадай құжаттарды қоса береді:

1) өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін түпнұсқасы беріледі);

2) отбасының табысын растайтын құжаттар. Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмегін тағайындау үшін берілген отбасының табысын растайтын құжаттары тұрғын үй көмегін алу үшін сәйкес болуы тиіс. Тұрғын үй көмегін алуға үмiткер отбасының (Қазақстан Республикасы азаматының) жиынтық табысын есептеу тәртiбiн тұрғын үй қатынастары саласындағы уәкілетті орган айқындайды;

3) жылжымайтын мүлiктiң болуы (болмауы) туралы анықтама (тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алынатын мәліметтерді қоспағанда);

4) зейнетақы аударымдары туралы анықтама (тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алынатын мәліметтерді қоспағанда);

5) жұмыс орнынан немесе жұмыссыз адам ретінде тіркелуі туралы анықтама;

6) балаларға және асырауындағы басқа да адамдарға алименттер туралы мәліметтер;

7) банктік шоты;

8) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған ай сайынғы жарналар туралы шоттар;

9) коммуналдық қызметтерді тұтынуға арналған шоттар;

10) телекоммуникация қызметтері үшін түбіртек-шот немесе байланыс қызметтерін көрсетуге арналған шарттың көшірмесі;

11) жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жергілікті атқарушы орган берген жалдау ақысының мөлшері туралы шот.

Осы тармақта көзделмеген құжаттарды талап етуге жол берілмейді.

4-1. Бөлім арқылы құжаттар қабылданған кезде көрсетілетін қызметті алушыға тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі.

4-2. Осы Тәртіптің 4-тармағында көзделген құжаттар топтамасы толық ұсынылмаған жағдайда, Бөлім қызметкері құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.

4-3. Портал арқылы өтініш жасаған жағдайда көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсетуге сұрау салуының қабылдағаны туралы мәртебе, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін алу күні мен уақыты көрсетіле отырып, хабарлама жіберіледі.

4-4. Бөлім өтінішті ақпараттық жүйе арқылы қабылдайды және оны тұрғын үй көмегін тағайындауды жүзеге асыратын уәкілетті органға жібереді.

4-5. Уәкілетті орган отбасы (азамат) (не нотариат куәландырған сенімхат бойынша оның өкілі) ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс емес екенін анықтау негізінде тұрғын үй көмегін беруден бас тартады және өтініш берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде өтініш берушіге портал не Бөлім арқылы дәлелді бас тартуды жібереді.

4-6. Тұрғын үй көмегін тағайындау туралы шешімді не кызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты тұрғын үй көмегін тағайындауды жүзеге асыратын уәкілетті орган қабылдайды. Тағайындау туралы хабарлама не тағайындаудан бас тарту туралы дәлелді жауап Бөлім немесе электрондық құжат ретінде «жеке кабинетке» жіберіледі.

  1. Уәкілетті органмен отбасының (азаматтың) жиынтық табысы қолданыстағы заңнамада белгіленген тәртіппен тұрғын үй көмегін тағайындауға өтініш жасаған тоқсанның алдындағы тоқсанына есептеледі және тұрғын үй көмегі өтініш берген айдан бастап ағымдағы тоқсанға тағайындалады.
  2. Тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері
  3. Белгіленген нормалар шегіндегі шекті жол берілетін шығыстар үлесі отбасының (азаматтың) жиынтық табысының Талас ауданы тұрғындары үшін 7 пайыз мөлшерінде белгіленеді.
  4. Есептегіш құралдары жоқ тұтынушылар үшін өтем шараларымен қамтамасыз етілетін коммуналдық қызметтерді тұтыну нормативтері қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгіленеді.

Егер шығыстарға нормативтер мен тарифтер заңнамамен белгіленген тәртіпте анықталмаса, шығындарды өтеу нақтылы шығыстар бойынша жүргізіледі.

  1. Аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін тағайындау төмендегі пайдалану нормасына сәйкес жүргізіледі:

1) өтемақы шараларымен қамтамасыз етілетін тұрғын үй алаңының нормалары:
жеке басты азаматтар үшін – 30 шаршы метр, бірақ бір бөлмелі пәтердің мөлшерінен аз емес және нақты алып жатқан алаңынан артық емес;
екі және одан да көп адамнан тұратын – отбасының әр мүшесіне 18 шаршы метр, бірақ нақты алып жатқан алаңынан артық емес;
2) электр қуатын тұтыну нормалары (бір айда):
бірден бес адамға дейінгі отбасына-отбасының әрбір мүшесіне 80 киловатт;
бес және одан да көп мүшелі отбасына – 400 киловатт;
3) газ шығындарының нормасы:
газ пешінің, орталық жылу беру және ыстық су болған жағдайда айына 1 адамға – 18 текше метр;
газ пешінің, орталық жылу беру және ыстық су болмаған жағдайда айына 1 адамға – 22 текше метр.

Тұрғын үйді қамтамасыз етуге қажетті сумен жабдықтау, жылумен жабдықтау, қоқысшығару шығыстарын пайдалану нормалары мен тарифтерін қызмет көрсететіндер ұсынады.

  1. Телекоммуникациялар желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақы тарифтерінің көтерілуіне өтемақы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 сәуірдегі № 512 қаулысымен бекітілген әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеудің ережесіне сәйкес жүргізіледі.
  2. Қаржыландыру және тұрғын үй көмегін төлеу тәртібі
  3. Тұрғын үй көмегін төлеу уәкілетті органмен есептелген сомаларды тұрғын үй көмегін алушылардың өтініші бойынша тұрғын үй көмегін алушылардың есепшоттарына екінші деңгейдегі банктер, сонымен қатар банктік қызметтің жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы аудару жолымен жүзеге асырылады.

 

 

 

Пробация қызметінің есебінде

 тұрғандар бойынша

 МӘЛІМЕТ

 

2020 жыл

Талас аудандық пробация қызметінің есебінде қазіргі таңда 59 сотталған азамат есепте тұр. Осы есепте тұрған азаматтардың 1 мүгедек, 1 зейнеткер, 38 жұмыспен қамтылған.

Халықты жұмыспен қамту орталығына пробация қызметінің есебіндегі 7 азамат жұмыс іздеуші ретінде тіркелді. Осы тіркелген азаматтардың 1 әлеуметтік жұмыс орындарына жолданып, 5-і тұрақты жұмыспен қамтылған. Оның ішінде 3 азамат «Жұмыспен қамтудың жол картасы 2020» бағдарламасы аясында іске асырылып жатқан нысандардың жөндеу жұмыстарына тартылса, 1 адам квота негізінде «Игілік» көпсалалы кәсіпорнына жұмысқа жолданды. Қалған 1 адам алдағы уақытта біліктілігіне сай лайықты жұмыс орнына жолданатын болады.

Сонымен қатар, Пробация қызметінің есебіндегі, жұмыспен қамту орталығына тіркелген азаматтарға алдағы уақытта ұйымдастырылатын қайта даярлау курстары ұсынылатын болады.

Пробация қызметінің есебіндегі азаматтарға жұмыс орындарының квотасын белгілеу жөніндегі қаулы 31 наурыз 2020 жылғы аудан әкімдігінің №99 қаулысымен бекітілген.

«Игілік» көпсалалы кәсіпорнына – 2 орын.

«Таза Талас» коммуналдық кәсіпорнына – 2 орын.

 

Соттың үкімімен қоғамдық жұмыстарды атқару жазасы тағайындалғандардың жұмыс атқаратын мекемесі ретінде Аудан әкімінің қаулысымен «Таза қала – Қаратау»  ЖШС бекітілген.

Пробация қызметіне кеңсе жиһаздары мен компьютерге қаражат бөлу мәселесі кезекті мәслихат сессиясымен қаралып, ол құрал жабдықтарды алуға 500,0 мың тг. қарастырылды.

Қазіргі уақытта мемлекет тарапынан – бас бостандығын шектеу орындарынан босаған және пробация қызметінің есебіндегі азаматтарды қоғамға бейімдеуге баса назар аударылуда. Атап айтқанда, осы санаттағы азаматтарды мемлекеттік бағдарламалар аясында іске асырылып жатқан жобаларға жұмысқа орналастыруда басымдық берілуде.

Осыған байланысты, бас бостандығын шектеу орындарынан босаған және пробация қызметінің есебіндегі азаматтарды жұмысқа орналасуға шақырамыз.

 

Талас ауданы әкімдігінің

ЖҚ және ӘБ бөлімі

 

Еңбек есебінің бірыңғай ақпараттық жүйесі

 

«Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының іске асыру және әлеуметтік-еңбек саласы жүйесінің ақпараттық ресурстарын дамыту мақсатында Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын жетілдіру қажет.

Осыған орай, Қазақстан Республикасының еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен (бұдан әрі-Министрлік) «Қазақстан Республикасының кейбiр заң актiлерiне еңбек мәселелері туралы өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» Қазақстан Республикасының Заң жобасы (бұдан әрі-Заң жобасы) дайындалған.

Заң жобасы аясында «Еңбек есебінің бірыңғай ақпараттық жүйесі» түсінігі енгізілуде, ол бойынша еңбек шарттарын есепке алуды автоматтандыруға және мемлекеттік органдар мен жұмыс берушілердің өзара іс-қимылына арналған аппараттық-бағдарламалық кешен электронды түрде еңбек шартын жасауға мүмкіндік береді.

Автоматтандырылған ақпараттық жүйені енгізу мақсатында еңбек шарттарын есепке алу бірыңғай қоймасын құру мақсатында еңбек шарттарын тіркеу үшін бірыңғай ақпараттық жүйенің жұмыс істеуі, еңбек шарттарын тіркеудің бірыңғай ақпараттық жүйесінде еңбек қызметі жөнінде мәлімет ұсыну тәртібі туралы ережелері әзірленетін болады.

Қазіргі таңда, «Электрондық еңбек шарттарын есепке алу жүйесі»  (бұдан әрі – ЭЕШЕАЖ) еңбек шарттарының бірыңғай қоймасы жасалған. Бұл  еңбек шартын, еңбек шартына қосымша жасау және бұзу фактілерін тіркеу жөніндегі, сондай-ақ мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінен жеке деректерді сұрау арқылы жұмыскердің жеке істерін қалыптастыру бойынша интеграциялық қызмет.

Сонымен қатар, Министрлікпен еңбек шарттарын есепке алу жүйесін апробациялау үшін Enbek.kz. порталы арқылы ЭЕШЕАЖ-де еңбек шарттарын тіркеу пилоттық жобасы іске асырылған.

Іске асыру механизмі:

Үміткер жұмысқа тұру үшін, жеке куәлігін ұсынады. Жұмыс беруші жұмыскердің жеке ісін қалыптастыру мақсатында үміткердің жеке сәйкестендіру нөмірімен «ЭЕШЕАЖ» сұрау жолдайды. «ЭЕШЕАЖ» мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерімен интеграциялау арқылы  жұмыскер туралы мәліметтерді қалыптастырып, жұмыс берушіге жолдайды.  Құжаттардың талаптарға сәйкес келмеуі (мысалы: медициналық тексеруден уақытылы өтпесе) немесе болмауы туралы потенциалды жұмыскер ол туралы хабарланадырылады.

Нәтижелер бойынша жұмыс беруші жаңа жұмыскерді жұмысқа қабылдау туралы шешімге келсе жұмыскермен еңбек шартына қол қояды.

Жұмыс беруші «ЭЕШЕАЖ» автоматтандырылған ақпараттық жүйеде еңбек шартының тіркеуін жүзеге асырады.

Жұмыскерлерге арналған артықшылықтар:

  • Әлеуметтік қауіп-қатерлерден қорғалуы: еңбек шартының болуы, қорларға жарналар мен аударымдар болуы фактісі;
  • Жұмыскердің алдында жұмыс берушінің міндеттемесі бекітілуі;
  • Еңбек шартын жасау процесінің жеңілдеуі: құжаттарды жинау қажеттілігі жойылады (мекен-жай бойынша анықтама, медициналық анықтама, аттестат, диплом, төлқұжат деректері, түйіндеме, еңбек өтілі, қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны туралы мәліметтердің бар не жоқ екендігі туралы анықтама жинақтауда үнемдеу).

Жұмыс берушілерге арналған артықшылықтар:

  • Жедел жою үшін анықталған бұзушылықтарды автоматты түрде хабарлау, сонымен қатар автоматты түрде статистикалық есептерді жолдау мүмкіндігі және қағаз түріндегі есептерден бас тарту;
  • Еңбек шарттарын рәсімдеудің құны азайады (кадр құжаттарын қағаз түрінде жинақтау қажеттілігі болмайды);
  • Жұмыскерлердің жеке ісін қалыптастыруда жүйенің қызметтеріне қол жеткізу арқылы жұмыскерлерді сапалы таңдау (алаяқтықсыз) мүмкіндігі болады.

 

 

Жамбыл облысы әкімдігінің

еңбек инспекциясы басқармасы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Egov