МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕР ЖӘРМЕҢКЕСІ

МЕМЛЕКЕТТІК КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТКІЗІЛДІ

Ағымдағы жылдың қыркүйек айының 12 күні Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Жамбыл облысы бойынша департаменті және Талас ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен Талас ауданы, Қаратау қалалық әкімі аппараты ғимаратының 1 қабатында еркін нысанда мемлекеттік көрсетілетін қызметтер жәрмеңкесі өтті.

Жәрмеңкенің басты мақсаты мемлекеттік қызметтерді ашық, қол жетімді, әрі сапалы көрсетуді қамтамасыз ету және электрондық қызметтерді көрсетудің үлесін арттыру.

Қарапайым халық мемлекеттік қызметтерді электронды алуға болатынын білгенімен, алу тәртібін көпшілігі біле бермейді. Осындай іс-шаралар барысында қала тұрғындарына «TelegramBot», «Еgov», «Digital Agent» қосымшаларын пайдаланып, ұялы телефон арқылы мемлекеттік қызметтерді алуды үйрету бойынша әлеуметтік, жер, ветеринария, сәулет, АХАТ салалары және аудандық Халыққа қызмет көрсету орталығы, Халықты жұмыспен қамту орталығының мамандары қатысып кәсіби тұрғыда түсіндірме берді.

Ағымдағы жылдың 22 мамырында Бостандық және С.Шәкіров ауылдық округтерінің орталық ауылдарында тұрғындарға «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер жәрмеңкесі» өткізілді.

Жәрмеңкенің мақсаты – шалғайдағы тұрғындарға орталық және жергілікті атқарушы органдарымен көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді ақпараттандыру, сапалы қызмет көрсету, электронды түрде көрсетілетін қызметтердің қолжетімділігін қамтамасыз ету және сала мамандарынан заңгерлік кеңес алу.

Жәрмеңкеге халықтың сұранысы жоғары жер, ауыл шаруашылығы, ветеринария, халықты жұмыспен қамту, тұрғын-үй, сәулет және құрылыс, АХАЖ, мұрағат және Халыққа қызмет көрсету орталығының мамандары қатысты.

Алдағы уақытта басқада ауылдық округтерде осындай жәрмеңкелер жалғасын табатын болады.

 

 

ЕСЕЙХАН АУЫЛЫ

  Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Жамбыл облысы бойынша департаменті басқармасының ұсынымымен ағымдағы жылдың 28 наурыз күні Талас ауданы,  Есейхан ауылының Мәдениет үйінде МЕМЛЕКЕТТІК КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕР ЖӘРМЕҢКЕСІ өтті. Іс – шараға ауданда мемлекеттік қызметтер көрсететін тиісті аудан әкімдігінің бөлімдері, ХҚКО РМК – нің Жамбыл облысы бойынша филиалының Талас аудандық бөлімі және ЗТМО Талас аудандық бөлімшесінің мамандары қатысып, ауыл тұрғындарына көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігі туралы түсіндірді. Іс-шараға шамамен 100-ге жуық тұрғын қатысты.

 

 

 

 

ҚАРАТАУ ҚАЛАСЫ

  Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Жамбыл облысы бойынша департаменті басқармасының ұсынымымен ағымдағы жылдың 07 ақпан күні Талас ауданы,  Қаратау қаласы «Қаратау тау-кен технологиялық» колледжінде МЕМЛЕКЕТТІК КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕР ЖӘРМЕҢКЕСІ өтті. Іс – шараға ауданда мемлекеттік қызметтер көрсететін тиісті аудан әкімдігнің бөлімдері, Қаратау қаласы әкімі аппараты, аудандық Әділет басқармасы, ХҚКО РМК – нің Жамбыл облысы бойынша филиалының Талас аудандық бөлімі, «Талас ауданының мемлекеттік архиві», ЗТМО Талас аудандық бөлімшесінің мамандары қатысып, қала тұрғындарына және колледж білімгерлеріне көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігі туралы түсіндірді.

 

Құрметті Қаратау қаласының қонақтары мен тұрғындары! Бізде бүгін Талас аудандық Халыққа қызмет көрсету орталығымен бірлесіп «Электронды үкімет»порталын насиxаттау бойынша қаламыздың орталық алаңында тұрғындарға түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Жәрмеңкенің мақсаты мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді «Электронды үкімет» порталы арқылы үйден шықпай алуға болатыны және жеке ұялы телефон нөміріңізді м-гов порталына тіркей отырып бірреттік құпия сөз арқылы қызмет алуға болатыны туралы түсіндіру. Қосымша қазіргі таңда қолданысқа енгізіліп жатқан Telegram желісі арқылы қызметтерді оңай және тез алуға болатыны туралы айтып өттік. Алдағы уақытта бұданда басқа мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге жәрмеңкелер ұйымдастырылатын болады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Аудан тұрғындарына мемлекеттік қызметтерді ашық, қол жетімді,

әрі сапалы көрсету мақсатында өткізілетін жәрмеңкенің

ЖОСПАРЫ

 

Іс-шара өтетін

Орын

Іс-шараны өткізу

мерзімдері

Іс-шараны жүргізуге жауаптылар
1. Тамды ауылы

Мәдениет үйі

2018 жылдың

16 мамыр

сағат 11.00

Е.Ргебаев

С.Момбеков

2. Көктал ауылы

М.Жұмабаев атындағы

орта мектебі

2018 жылдың

30 мамыр

сағат 11.00

Е.Ргебаев

Р.Қырықбаев

3. Мәйтөбе ауылы

Мәдениет үйі

2018 жылдың

07 маусым

сағат 11.00

Е.Ргебаев

С.Талқанбаев

4. Ақкөл ауылы

Мәдениет үйі

2018 жылдың

13 маусым

сағат 11.00

Е.Ргебаев

А.Қуаныш

5. Қызыләуіт ауылы

клуб

2018 жылдың

22 маусым

сағат 11.00

Е.Ргебаев

Б.Бекетаев

6. Ушарал ауылы

Мәдениет үйі

2018 жылдың

03 шілде

сағат 11.00

Е.Ргебаев

Р.Айтуов

7. С.Шәкіров ауылы

клуб

2018 жылдың

12 шілде

сағат 11.00

Е.Ргебаев

Н.Копадилов

8. Бостандық ауылы

Мәдениет үйі

2018 жылдың

25 шілде

сағат 11.00

Е.Ргебаев

М.Рысдаулетов

9. Аққұм ауылы

клуб

2018 жылдың

02 тамыз

сағат 11.00

Е.Ргебаев

Б.Ошақбаев

10. Кеңес ауылы

Ш.Уалиханов орта мектебі

2018 жылдың

10 тамыз

сағат 11.00

Е.Ргебаев

Б.Дуанбек

11. Ойық ауылы

Мәдениет үйі

2018 жылдың

17 тамыз

сағат 11.00

Е.Ргебаев

М.Уристенов

12. Қасқабулақ ауылы

клуб

2018 жылдың

28 тамыз

сағат 11.00

Е.Ргебаев

С.Мустафаев

13. Есейхан ауылы

Мәдениет үйі

2018 жылдың

05 қыркүйек

сағат 11.00

Е.Ргебаев

Қ.Шыныбеков

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Жамбыл облысы бойынша департаменті басқармасының ұсынымымен ағымдағы жылы ауданымыздың Тамды, Көктал, Ақкөл және Қызыләуіт ауылдық округінде мемлекеттік көрсетілетін қызметтер жәрмеңкесі өтті. Іс – шараға ауданда мемлекеттік қызметтер көрсететін саланың мамандары қатысып, ауыл тұрғындарына көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігі туралы түсіндірді. Сондай-ақ, ешқандай пара бермей, тиісті қызметтерді тиімді пайдалану жөнінде де айтылды.  Іс-шара соңында ауыл тұрғындарына жаднамалар таратылып, қойылған сауалдарына қолданыстағы заң талаптарына сәйкес, жауаптар берілді.

 

 

 

 

 

Egov