«МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕР – ҰЛТТЫҚ МАҚТАНЫШЫМЫЗ» АТТЫ КОНФЕРЕНЦИЯ

Талас ауданы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің әлеуметтік тапсырысы шеңберінде «Талас ғұмыры» жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздеріне құрмет көрсету мақсатында іс-шаралар ұйымдастыру» тақырыбы бойынша

«Мемлекеттік рәміздер – ұлттық мақтанышымыз» атты конференцияның

АҚПАРАТЫ

 

2019 жылдың 1 қазан күні Қаратау құрылыс технология колледжінде Талас ауданы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің әлеуметтік тапсырысы шеңберінде «Талас ғұмыры» жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздеріне құрмет көрсету мақсатында іс-шаралар ұйымдастыру» тақырыбы бойынша «Мемлекеттік рәміздер – ұлттық мақтанышымыз» атты конференция өткізілді. Аталған іс-шарада «Талас ғұмыры» жастар қоғамдық бірлестігінің мүшесі Көлбаева Жазира Әбдірәсілқызы колледж ұжымына және жастарына Мемлекеттік рәміздерді қолдану тәртібі және құрметтеуге шақырып, Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерінің шығу тарихы жайлы, олардың авторлары туралы айтып өтті. Тараз Мемлекеттік Педагогикалық университетінің жастар ісі жөніндегі комитеттің төрағасы Қадыралиев Айбек Амансейітұлы жастарды мемлекеттік рәміздерді құрметтеу және қастерлеу патриоттықтан басталатындығы, оларды қадірлеу еліміздегі азаматтардың мемлекет тәуелсіздігін құрметтеуді нығайтып, жасөспірімдердің отансүйгіштік сезімін қалыптастыратындығы туралы айтып өтті. Сөзін мемлекеттік рәміздерге арналған өзінің өлең жолдарымен аяқтады. Тараз Мемлекеттік Педагогикалық университетінің білімгері, белсенді жас Алпысбай Ақнұр жастарды белсенді жастардың қатарында болуға шақырды. Іс-шара соңы Қазақстан Республикасының мемлекеттік гимнін орындаумен аяқталды.

Мемлекет Басшысы ұсынған қазақстандық қоғам мен әр қазақстандықтың рухани жаңаруы туралы бағытын қолдайсыз ба?

Просмотреть результаты

Loading ... Loading ...

Мемлекет Басшысының "Болашаққа бағдар: қоғамдық сананы жаңғырту" бағдарламалық құжатының мазмұнымен таныссыз ба?

Просмотреть результаты

Loading ... Loading ...
Қаңтар (2020)
Дс Сс Сә Бс Жм Сб Жс
« Жел    
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031  

Egov