«ОТБАСЫ – ОТАННЫҢ ОШАҒЫ» АТТЫ «ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ»

Ақпарат

2019 жылдың 18 қыркүйегінде Тамды және Майтөбе ауылдарында Талас ауданы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің әлеуметтік тапсырысы шеңберінде «Талас ғұмыры» жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Отбасы институтын нығайту және  тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу мақсатында кешенді іс-шаралар ұйымдастыру» тақырыбы аясында «Отбасы  – Отанның ошағы» атты «дөңгелек үстел» отырыстары өткізілді. Аталған «дөңгелек үстел» отырысына ауыл тұрғындары, еңбек ұжымдары, жастар, жас отбасылар, ауылдық округ әкімі аппараттарының қызметкерлері қатысты. Іс-шара барысында «Жастар ресурстық орталығының» аға инспекторы Ж.Көлбаева қатысушыларға отбасы құндылықтары, Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың салиқалы саясатының арқасында 2013 жылғы 1 наурыздағы №511 Жарлығы негізінде қыркүйектің екінші жексенбісі «Отбасы күні» деп бекітілген туралы айтып өтті. «Жас отбасыларға» мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан қызметтер туралы, жеңілдіктер туралы айтып өтті. Қоғамдық бірлестіктің төрағасы Б.Байұзақ Отбасы – әрқашанда қоғамның ең негізгі институты болып табылады, сенімді, мықты жанұя бұл мемлекеттің гүлденуі мен тұрақтылығының кепілі екендігін және отбасы құндылықтарын сақтау туралы тоқталып өтті. Жиынға қатысушылар соңында пікірлерін білдіріп, сұрақтарына жауап алды.

Мемлекет Басшысы ұсынған қазақстандық қоғам мен әр қазақстандықтың рухани жаңаруы туралы бағытын қолдайсыз ба?

Просмотреть результаты

Loading ... Loading ...

Мемлекет Басшысының "Болашаққа бағдар: қоғамдық сананы жаңғырту" бағдарламалық құжатының мазмұнымен таныссыз ба?

Просмотреть результаты

Loading ... Loading ...
Қаңтар (2020)
Дс Сс Сә Бс Жм Сб Жс
« Жел    
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031  

Egov