«СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА – ЖОЛ ЖОҚ» АТТЫ АУДАНДЫҚ ФОРУМ

Талас ауданы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің әлеуметтік тапсырысы шеңберінде «Талас ғұмыры» жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Қоғамда жемқорлыққа қарсы иммунитетті қалыптастыру мақсатында кешенді

іс-шаралар ұйымдастыру» тақырыбы бойынша

«Сыбайлас жемқорлыққа – жол жоқ» атты аудандық форумның

АҚПАРАТЫ

 

2019 жылдың 27 қыркүйек күні «Балалар өнер мектебінде» Талас ауданы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің әлеуметтік тапсырысы шеңберінде «Талас ғұмыры» жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Қоғамда жемқорлыққа қарсы иммунитетті қалыптастыру мақсатында кешенді іс-шаралар ұйымдастыру» тақырыбы бойынша «Сыбайлас жемқорлыққа – жол жоқ» атты аудандық форум өткізілді. Форумда «Қазақстанның болашағы үшін» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Исатай Ғабиден Сандыбекұлы Қазақстан Республикасының 2015 – 2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясына орай, сыбайлас жемқорлықпен күресу әрбір мемлекеттік органдар басшыларының, ел азаматтарының міндеті екендігі атап өтті. Аталмыш заң азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, сыбайлас жемқорлық көріністерінен туындайтын қауіп-қатерден еліміздің ұлттық қауіпсіздігін қамтамсыз етуге, жемқорлыққа қатысты құқық бұзушылықтың алдын алуға бағытталған. Қоғамымыздың барлық саласына дендеп еніп бара жатқан жемқорлықтың жолына батыл тоқсауыл қойып, олардың зардаптарын жою және мүдделілерді жауапқа тарту бүгінгі күннің ең басты міндеттерінің бірі екендігі туралы айтып өтті. «Талас ғұмыры» жастар қоғамдық бірлестігінің төрағасы Байұзақ Боранбай Әбдірәсілұлы: «Қазіргі кезде сыбайлас  жемқорлық  әлемнің кез келген елінде оның саяси дамуына байланыссыз, оның ішінде Қазақстанда да, әлеуметтік құбылыс ретінде өмірін жалғастырып келеді, ол тек ауқымдылығымен ғана ерекшеленеді. Сыбайлас жемқорлық әлеуметтік-экономикалық даму үдерісін, нарықтық экономиканың құрылуын, инвестициялар тарту процесін тежейді. Демократиялық мемлекеттің саяси және қоғамдық институттарына кері әсерін тигізеді, елдің болашақ дамуына елеулі қауіп төндіреді. Қазақстанның мемлекеттік саясатының негізгі басымдықтарының бірі сыбайлас жемқорлықпен күрес болып табылады» – деп жастарға сыбайлас жемқорлықтың елге тигізетін зиянын түсіндіре отырып, аудан тұрғындарына үндеу жолдады. «Талас ғұмыры» жастар қоғамдық бірлестігінің мүшесі Көлбаева Жазира форумға қатысушыларды қоғам болып сыбайлас жемқорлықпен күресуге, егер ондай жағдай орын алған кезде call centr 1424 номеріне қоңырау шалып хабарлауға болатындығы жайлы түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Жалпы іс-шара соңында пікір алмасып, бүктемелер таратылып, еркін форматтағы форум қатысушыларға ой салардай дәрежеде өткізілді.

 

 

Мемлекет Басшысы ұсынған қазақстандық қоғам мен әр қазақстандықтың рухани жаңаруы туралы бағытын қолдайсыз ба?

Просмотреть результаты

Loading ... Loading ...

Мемлекет Басшысының "Болашаққа бағдар: қоғамдық сананы жаңғырту" бағдарламалық құжатының мазмұнымен таныссыз ба?

Просмотреть результаты

Loading ... Loading ...
Қараша (2019)
Дс Сс Сә Бс Жм Сб Жс
« Қаз    
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930  

Egov