«ЖАСТАР-ЖАСАМПАЗДЫҚ БАСТАУЫ!» АТТЫ ЖАСТАР ЖЫЛЫН ҚОРТЫНДЫЛАУ ФОРУМЫНЫҢ АҚПАРАТЫ

 

    Талас ауданы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен, 2019-жылдың 18-желтоқсанында Ұлбике ақын атындағы мәдениет орталығында «Жастар-жасампаздық бастауы!» атты  жастар жылын қортындылау форумы өтті. Жастар форумын аудан әкімінің орынбасары, Садубаев Қадірбек Рысқұлбекұлы құттықтау сөзімен ашып берді. Форум барысында халықаралық, республикалық және облыстық деңгейде әр сала бойынша жетістікке жеткен, ауданымыздың белсенді жастары аудан әкімінің алғыс хатымен марапатталды. Сонымен қатар, жастар форумында №1-мектеп лицейдің директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, Закира Игорь Александрович, жас айтыскер ақын Нұржан Жексенбекұлы, Ресей Федерациясының Санкт-Петербург қаласында өткен параданса би түрінен жүлдегер атанған Мұсаева Айгүл өздерінің жылы лебіздерін білдіріп, аудан жұртшылығына өз алғыстарын айта кетті. Іс-шара Ұлбике ақын атындағы мәдениет орталығы әншілерінің концерттік бағдарламасымен жалғасты.

Мемлекет Басшысы ұсынған қазақстандық қоғам мен әр қазақстандықтың рухани жаңаруы туралы бағытын қолдайсыз ба?

Просмотреть результаты

Loading ... Loading ...

Мемлекет Басшысының "Болашаққа бағдар: қоғамдық сананы жаңғырту" бағдарламалық құжатының мазмұнымен таныссыз ба?

Просмотреть результаты

Loading ... Loading ...
Қаңтар (2020)
Дс Сс Сә Бс Жм Сб Жс
« Жел    
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031  

Egov