ЖЕР ҚАТЫНАСТЫРЫ САЛАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕР

Жер қатынастыры саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер

 

Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына жолдауында – Бірінші басымдық ретінде цифрлық технологияны қолдану арқылы құрылатын жаңа индустрияларды өркендетуі міндетін қойды.

Бұл міндетті еңсеру үшін Үкіметке «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасын әзірлеу тапсырылды.

Бұл шара өз кезегінде Мемлекеттік қызметтер көрсету үдерісін мейлінше оңтайландыруды, құжаттарды қараудың мерзімі мен тізбесін қысқартуды, қайталанатын рәсімдерді жоюды және адамның өзінің баруын қажетсінбейтін  ақпараттық – мәліметтерді толық электрондық форматқа көшіруді көздейді.

Сонымен қатар, халыққа қөрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру – жемқорлыққа қарсы әрекеттік және мемлекеттік органдардың қызметіне азаматтардың сенімділігін арттырудың басты аспектісі болып табылады.

Бүгінде жергілікті атқарушы органдар тарапынан жер қатынастарын реттеу саласында заңды және жеке тұлғаларға 16 мемлекеттік қызмет түрлері көрсетілуде. Атап айтқанда:

«Мемлекет жеке меншікке сататын нақты жер учаскелерінің кадастрлық (бағалау) құнын бекіту», «Жол бойы белдеулерінде жол бойы қызметі объектілерін немесе қолжетімді болуы үшін кіреберіс талап етілетін жағдайда олардан тыс жерлерде объектілерді орналастыру үшін жер учаскелерін беру туралы шешім қабылдау», «Бұрын жер пайдалануға берілген жер учаскесін жекеменшікке сату», «Жер учаскесін жекеменшікке бөліп төлеуге сату», «Жер учаскелерін сатып алу-сату шарттарын жасасу», «Жер учаскесін жалға алу шарттарын жасасу», «Жер учаскесін алу үшін кезекке қою»,  «Жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру  жобаларын бекiту», «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру», «Жер учаскелерінің бөлінетіндігі мен бөлінбейтіндігін айқындау», «Бүлінген жерлерді қалпына келтіру жобасын келісу және беру», «Іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жер учаскесін пайдалануға рұқсат беру», «Елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру», «Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу», «Суармалы  егістікті суарылмайтын алқап түрлеріне ауыстыруға рұқсат беру», «Ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екінші түрге ауыстыруға рұқсат беру» мемлекеттік қызмет стандарттары.

Көрсетілетін мемлекеттік қызметтер туралы мәліметтер облыс әкімідігінің жер қатынастары басқармасы, Талас ауданы әкімінің ресми сайтында (www.uzo-zhambyl.kz, talas.zhambyl.gov.kz) және облыс әкімінің цифрландырылған ақпараттық орталық сайтына (www.talas.cao-zhambyl.kz) орналастырылған.

Көрсетілетін мемлекеттік қызмет түрлерін қызметті қызмет берушінің кеңсесінде, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорация» (ХҚКО), www.elicense.kz, www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы және жергілікті атқарушы органдар арқылы алуға болады.

Қызмет алушыларға қолайлы жағдай жасау мақсатында аудан әкімдігінің жер қатынастары бөлімінің қабылдау бөлмесінде арнайы ақпараттық стенд жабдықталған. Онда көрсетілетін қызметтің түрлері, уақыты, және т.б. мәліметтер орналастырылған.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы департаменті мен Басқарма арасында бекітілген іс-шаралар жоспарына сәйкес «Дөңгелек стөлдер» ұйымдастырылып, көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын жақсарту мақсатында бұқаралық ақпарат құралдарының мүмкіндіктері кеңінен пайдалануда.

2019 жылдың 8 айының қорытындысы бойынша бөлім тарапынын жеке және заңды тұлғаларға 300 өтініштер түсіп, өтініштер уақытында орындалуда. Сондай-ақ мекеме тарапынан 2019 жылдың 8 ай қорытындысы бойынша азаматтарға жалпы 682, оның ішінде жерге орналастыру жобасын бекіту мемлекеттік қызметі бойынша 399, жер учаскесін жалға беру туралы келісім шарт жасасу мемлекеттік қызметі бойынша 219, жер учаскесін сатып алу-сату туралы келісім шарт жасасу мемлекеттік қызметі бойынша 32, жер учаскесінің кадастрлық құнын бекіту мемлекеттік қызметі бойынша 32 мемлекеттік қызметтер көрсетілді.

Көрсетілетін мемлекеттік қызмет түрлерінің сапасын арттыру және атқарушылық тәртіптің деңгейін көтеру күнделікті бақылауда.

 

Талас ауданы әкімдігінің

жер қатынастары бөлімінің

                                                                  бас маманы Б.Исаханов

Мемлекет Басшысы ұсынған қазақстандық қоғам мен әр қазақстандықтың рухани жаңаруы туралы бағытын қолдайсыз ба?

Просмотреть результаты

Loading ... Loading ...

Мемлекет Басшысының "Болашаққа бағдар: қоғамдық сананы жаңғырту" бағдарламалық құжатының мазмұнымен таныссыз ба?

Просмотреть результаты

Loading ... Loading ...
Қараша (2019)
Дс Сс Сә Бс Жм Сб Жс
« Қаз    
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930  

Egov